Хейли Роуд Бибер (Болдуин) (; 22 қараша 1996, Тусон, Аризона, АҚШ) — америкалық модель және тележұлдыз. Стивен Болдуиннің кіші қызы, 2018 жылдан бері Джастин Бибердің жұбайы.
Ерте өмірі Хейли Аризона штатындағы Тусон қаласында Стивен Болдуин мен Кеннии Деодато Болдуиннің отбасында дүниеге келді. Әкесі актер, Болдуин ағайындарының ішіндегі ең кішісі, ал анасы дизайнер. Анасының қанында бразилия, португал, итальян және испан ұлттарының қандары араласқан, ал әкесінің қанында ағылшын, ирланд, шотланд, француз және неміс ұлттарының қандары араласқан. Оның анасы жағынан келген атасы композитор Эумир Деодато. Хейлидің 1993 жылы туылған, модель болып жұмыс жасайтын Алайа есімді әпкесі бар.
Өзінің балалық шағын Нью-Йорк штатындағы Наяк қаласында өткізді. 5 жасынан бастап Хейли классикалық балетпен айналыса бастады кәсіби балерина болуды армандады, бірақ 12 жылдан кейін аяғындағы ауыр жарақаттың кесірінен сүйікті жұмысын тастауына тура келді.
Сегізінші сыныптан кейін сабағын үйінде оқып бастады. Өйткені оның айтуынша сыныптастарымен араласуы қиын, себебі олар оның танымал отбасы туралы тым көп сұрақтар қоя береді. Сондай-ақ, ол Шығыс Христиан Мектебінде оқып, евангелиялық христиандар рухында тәрбие алған. Хейли өте діншіл келеді, жиі шіркеуге барады және әлеуметтік желілерінде жиі Библиядан алынған дәйексөздерімен бөліседі.
Мансабы
Хейли өз мансабын 2014 жылы бастады. Хейли серіктестігін бастаған ең алғашқы модель агенттігі Ford Models болды. Хейли Tatler, Love, V, i-D секілді журналдарға түсе бастады. Және French Connection киім брендінің қысқы маусымының түсіріліміне қатысты. 2014 жылдың қазан айында Topshop және француз модельері Сони Рикельдің көрсетілімдерінде Хейли алғаш рет подиумға шықты. 2014 жылдың желтоқсан айында Love журналына арналған фотосессияға және фотограф Дэниел Джексон түсірген қысқа фильмнің түсіріліміне қатысты. Бұл қысқа фильм журналдың YouTube-тағы ресми арнасында жарияланды.
2015 жылдың қаңтар айында Хейли америкалық Vogue журналына түсті, ал 2015 жылдың наурыз айында Teen Vogue журналына түсті. 2015 жылдың сәуір айында Хейли алғаш рет журналдың қаптамасында пайда болды — Jalouse журналында. Осы айда Хейли голландтық L’Officiel және америкалық Wonderland журналдарының қаптамаларына түсті. 2015 жылдың шілде айында Polo Ralph Lauren брендінің жарнамасының түсіріліміне аустралиялық әнші Коди Симпсонмен бірге қатысты, ал 2015 жылдың қазан айында Tommy Hilfiger және Philipp Plein-нің подиумдағы көрсетіліміне қатысты.
2016 жылдың қаңтар айында Хейли Polo Ralph Lauren кампаниясында көрінді, сондай-ақ Vogue корей басылымына түсті.
Жеке өмірі 2017 жылдан 2018 жылға дейін Хейли канадалық әнші, ән авторы, модель Шон Мендеспен қарым-қатынаста болды. 7 шілде 2018 жылы Хейли канадалық әнші Джастин Бибермен атастырылғаны белгілі болды. 23 қараша 2018 Хейли мен Джастин ресми түрде ерлі-зайыпты атанғаны расталды. Бұл жұп 2015 жылдың желтоқсан айынан 2016 жылдың қаңтар айына дейін қарым-қатынаста болған, содан кейін қарым-қатынастарын 2018 жылдың маусым айында қайта бастады. Хейли әлеуметтік желілерде өзінің туған тегі Болдуинді Бибер тегіне алмастырды және «Хейли Бибер» деген жаңа тауар белгісін тіркеуге сұраныс жіберді.
Хейли евангелиялық христианмен тәрбиеленді және көп жыл бойы Джастин Бибердің де баратын «Хиллсонг» шіркеуіне барып жүр. Сол жерде олар танысқан.
Хейлидің денесінде 19 тату бар, бірақ Хейли олардың көрінбейтінін айтты. 2024 жылғы мамырда Хейли мен Джастин әлеуметтік желілерде жүктілік туралы жариялады. Сол жылдың 22 тамызында Хейли мен Джастиннің ұлы — Джек Блюз Бибер дүниеге келді.
Фильмдер тізімі
Телевидение Жыл Атауы Рөлі Жазба 2005 Livin It: Unusual SuspectsӨзін Деректі фильм 2009 Saturday Night Live Эпизод: "Alec Baldwin/Jonas Brothers" 2015 Secrets of New York Fashion Week Деректі фильм 2017–қазіргі күн Drop the MicӨзін (бірге) 2018 2018 iHeartRadio Music Awards Арнайы
Музыкалық видео Жыл Атауы Әртіс Рөлі 2011 On My Mind Коди Симпсон Махаббат қызығушылығы 2016 Love to Love You Baby Батист Джабикони Қыз 2019 10,000 Hours Dan + Shay Өзін 2020 Stuck with U Ариана Гранде және Джастин Бибер Өзін 2020 PopStar DJ Khaled, Drake, Джастин БиберHerself
Марапаттар мен номинациялар Жыл Марапат Санат Нәтиже Дер.2016Teen Choice Awards Ең ыстық әйел Үздік модель 2017 2018 Үздік ТВ тұлға
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Хейли Бибер Fashion Model Directory сайтында Хейли Бибер Models.com сайтында Хейли Бибер Instagram-да Хейли Бибер Twitter-де Хейли Бибер Facebook-те
Санат:АҚШ фотомодельдері Санат:АҚШ кинематографы актрисалары Санат:АҚШ телевизия актрисалары