Жүсіпбек Аймауытовтың аудармалары — жазушы, ақынның шығармашылығында елеулі орын алады.
Ол тәржіма табиғатын терең түсініп, аударма өнерінің өрістеуіне елеулі үлес қосқан айрықша дарын иесі. Әлем классиктерінің 30-ға тарта шығармаcын кәсіби шеберлікпен аударып, 1925 жылы қазақ оқығандарының арасында «Аударма туралы» алғаш арнайы мақала жазған. Қаламгер-аудармашының тілі өте шұрайлы да бай.Ш.Құрманбайұлы. Жүсіпбек Аймауытовтың аудармадағы сөз қолдану, сөз жасау шеберлігі — «Қазақ әдебиеті», 20.03.2017
Ол — түпнұсқа авторларына тән жеке стильдік ерекшелікті барынша сақтауға ұмтылған, бұл талапты аударма жасау барысында ұстанатын негізгі өлшемшарт ретінде таныған қаламгер.Ш.Құрманбайұлы. Алаш және аударма — «Ана тілі», 10.08.2017
Аймауытов келесі көркем шығармаларды қазақ тіліне аударды: Пушкин, Сараң сері (Скупой рыцарь/Маленькие трагедии) Пушкин, Тас мейман (Каменный гость/Маленькие трагедии) Гоголь, Бақылаушы (Ревизор) Горький, Өлең сұңқарға (Песня о Соколе) С.Чуйков, Тау еліндегі оқиға (Вершинная быль) Джек Лондон, Күштілердің күші (Сила сильных) Джек Лондон, Теңсіз, телегей аттаныс (Неслыханное нашествие) Рабиндранат Тагор, Балжан (Шубха) Фердинанд Дюшен, Дәмелі (Тамилла) Гюго, Бейшаралар (Отверженные) Ги де Мопассан, Су жүзінде (На реке) Конрад Беркович, Әкесі мен баласы, Заң білместің зары, Өрбике, Мұрда, Мұрданың өлімі, Тұқым Жалаладдин Руми, Молда Ирамидың кітап жазуға қалай кіріскені (Сказки Мулли Ирамэ) Пәренжі (перде) орыс ертегісі Қатындар қабарда ертегісі Интернационал гимні т.б.
Сондай-ақ Аймауытов келесі ғылыми шығармаларды да тәржімалады: А.А.Богданов «Краткий курс политической экономии», М.Н.Покровский «Краткое описание русской истории», Н.И.Бухарин пен Е.А.Покровский «Азбука коммунизма», «Конституция РСФСР», П. И. Стучка «Вопросы и мысли», С.Сазонов пен В.Верховский «Первые практические уроки по химии».М.Утеубаев. Жусупбек Аймаутов - символ исторической эпохи
Дереккөздер
Санат:Аударма Санат:Аудармашылар