Вагнер Лав (, толық аты Вагнер Силва ди Соуза, ; 11 маусым 1984 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/18829, Рио-де-Жанейро) — бразилиялық футболшы, шабуылшы. 2004, 2007 жылдары Оңтүстік Америка чемпионы атанған. Бірақ 2007 жылдан кейін ұлттық құрамада ойнамады.
Карьерасының басым бөлігін ЦСКА-да өткізіп, үш рет Ресей чемпионы атанды.
Мансабы 2002 жылы "Палмейрас" сапында карьерасын бастады. 2003 жылғы маусымда Бразилия В сериясының үздік мергені атанды да, клубтың А сериясына оралуына үлкен үлес қосты. 2004 жылы 6,2 млн Еуроға Мәскеудің ЦСКА клубына ауысты. Бір жылдан соң УЕФА кубогының жеңімпазы атанды.
2009 жылы Ұлттық құрамаға шақырту алу үшін Бразилияға оралып, туған клубы "Палмейрасқа" жалға берілді.
2010 жылы "Фламенгоға" жалға кетті. 2012 жылы "Фламенгоға" түпкілікті ауысқанымен, сол жылы жазда ЦСКА-ға қайта келді. Бірақ баяғыдай жарқырай алмаған 29 жастағы футболшы 2013 жылы жазда тағы да келісім шартты бұзды.
2020 жылы жазда еркін агент ретінде "Қайрат" клубы футболшысы атанды. 18 тамызда карантиннен соң жалғасқан чемпионатта тұңғыш рет "Қайрат" сапында алаңға шықты. 27 тамызда Еуропа лигасында "Ноа" қақпасына екі гол соқты. Келесі кезеңде "Маккаби" қақпасына да бір гол соқты, бірақ бұл ойында "Қайрат" 1:2 есебімен ұтылып қалды.
2004-07 жылдары Бразилия құрамасы сапында ойнап, екі рет Америка кубогының жеңімпазы атанды.
Жетістіктері
Командалық
«Палмейрас»
В сериясы: 2003
ЦСКА
Ресей чемпионы (3): 2005, 2006, 2012/13 Ресей кубогы (6): 2004/05, 2005/06, 2007/08, 2008/09, 2010/11, 2012/13 Ресей суперкубогы (4): 2006, 2007, 2009, 2013 УЕФА кубогы: 2004/05
«Шаньдун Лунэн»
Қытай кубогы: 2014
«Коринтианс»
Бразилия чемпионы: 2015 "Қайрат"
Қазақстан чемпионы: 2020 Қазақстан кубогы: 2021 Бразилия
Панамерика ойындарының финалисі: 2003 Америка кубогы (2): 2004, 2007
Жеке
Панамерика ойындарының үздік мергені: 2003 (4 гол). Сан-Паулу штатының үздік мергені: 2004 (12 гол). Ресей чемпионатының үздік мергені: 2008 (20 гол). УЕФА кубогының үздік мергені: 2008/09 (11 гол). Рио-де-Жанейро штатының үздік мергені: 2010 (15 гол). Түркия чемпионатының үздік мергені: 2016/17 (23 гол).
Статистика Клубтық 27.09.2020 +КлубМаусымЛигаШтат лигасыКубокЛига кубогыҚұрлықтықБасқа даБарыДивизионОйынГолдарОйынГолОйынГолОйынГолОйынГолОйынГолОйынГолПалмейрас2002А сериясы2000 - - - -202003В сериясы291900 - - - -29192004А сериясы11800 - - - -118Total422700--------4227ЦСКА2004РПЛ129 -00 -940021132005217 -70 -1471043142006239 -74 -7210381520072313 -10 -3311281720082620 -11 -68 -33292009133 -31 -43102172010159 -00 -520020112011–12259 -51 -91104011Бары15879--247--573051244117Палмейрас2009А сериясы12500——00—125Фламенго2010А сериясы541415——104—2923Фламенго2012А сериясы361297——52—5016ЦСКА2012–13РПЛ95 -31 -00 -1262013–1421 -00 -001031Бары116--31--0010157Шанудн Лунэнг2013Қытай чемпионаты106 -00 - - -10620142113 -74 -55 -3322Бары3119--74--55--4328Коринтианс2015А сериясы311414220—30—5016Монако2015–161 лига124—100000—134Аланьяспор2016–17Суперлига2823 -00 - - -28232017–181410 -21 - - -1611Бары4233--21------4434Бешикташ2017–18Суперлига103 -10 -21 -1342018–1983 -00 -84 -167Бары186--10--105--2911Коринтианс2019А сериясы28515181 -104 -591120200061 - -10 -71Бары28521281--114--6212Қайрат2020КПЛ63—00—23—86Барлығы43121758264814--1035561641306
Дереккөздер
Сілтемелер Футболшының профилі
Санат:Бразилия футболшылары Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Палмейрас ФК ойыншылары Санат:ЦСКА Мәскеу ФК ойыншылары Санат:Шаньдун Лунэн ФК ойыншылары Санат:Коринтианс ФК ойыншылары Санат:Монако ФК ойыншылары Санат:Бешикташ ФК ойыншылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:Фламенго ФК ойыншылары Санат:Футболдан Оңтүстік Америка чемпиондары Санат:Мидтьюланд ФК ойыншылары Санат:Спорт Ресифи ФК ойыншылары