Атырау облысының тұрғындарына дәрігерлік жәрдем көрсету туралы алғашқы деректер 1927 жылға саяды. Сол кезеңде тұңғыш фельдшерлік орын ашылған.

Алғашқы кезеңдегі денсаулық сақтау ісі (1800-1928) Алғаш Гурьев қалашығы салынған кезде А.И. Козлов, А.М. Красовский деген дәрігерлер жұмыс істеген (1800 жылдардың орта кезі). Гурьевте тұрған әскери бөлімде алғаш рет 15 орындық аурухана ашылған. 1901 жылы осы ауруханаға арналған 2 үй салынып, оның біреуі хирургиялық, біреуі басқа ауруларды емдеу орны боп белгіленген және 1 дәрігер, 2 фельдшер жұмыс жасаған.

1913 жылы Гурьев аймағында 53 орындық 4 аурухана және 6 емхана болған, оларда 9 дәрігер жұмыс істеген. 1801 жылы Кіші Ордадағы қазақ жұртының алғашқы дәрігері А.Г. Пятницкий болса, 1802 жылы Е.С. Хандожинский Орал қазақ әскерлерінің дәрігері, ал 1832 жылы А.А. Сергачев Ішкі Ордада дәрігерлік қызмет атқарған.

1926 жылдан бастап облыс халқына 11 дәрігер, 27 фельдшер, 2 акушер қызмет көрсеткен. Сол жылдарда өңірдегі халықтың денсаулығын сақтау саласында А.С. Домбрин, А.Г. Куликов, Демидов, В.И. Куликов, Н.И. Андреев, Е.А. Ливкина және т.б. дәрігерлер болған.

1928 ж. Атырау облысының аудандары мен ауылдарына арнап медицина кадрларын даярлау ісі колға алынды. 1835 жылдан бастап Арсентий Максимович Красовский Гурьевте дәрігер болып жұмыс жасады.Атырау медицинасының шежіресі. Ғарифолла Шәңгереев, Өнербай Жанбала -Алматы 2010, "Арыс" баспасы. *ISBN 978-601-291-007-0

Кеңес одағы және қазіргі кезең 1936 ж. облыс халқына 36 дәрігер мен 279 орташа дәрежедегі медицина маманы кызмет көрсетті, жер-жерде 2074 орындык 6 амбулатория мен аурухана жұмыс істеді. Ұлы Отан соғысы жылдарында Атырау қаласына 2 госпиталь орналастырылды.

Соғыстан кейінгі жылдары медицина мекемелерінің жүйесі жедел қарқынмен кеңи түсті. 1967 жыл мен 1987 жылдың аралығында облыстық аурухананың, облыстық балалар ауруханасының, облыстық перзентхананың, облыстық онкологиялық және туберкулезді емдеу диспансерінің жаңа үйлері іске қосылды, ал 1975 жылдан бастап Қазақ туберкулез және онкология ғылыми-зерттеу институттарының бөлімшелері ашылды.

Облыста мемлекеттік емес құрылымдарға қамқорлық жасау, жекешелендіру жөнінде жұмыстар атқарылды. Жеке жұмыс жасап жатқан дәрігерлерге көмек көрсетілді. Ана мен баланы қорғау саласында игілікті істер атқарылып, балалар мекемелері мен перзентханалардың материалдық-техникалық базасы нығайтылды, гинекология бөлімшесі мен жүкті әйелдерге жәрдем көрсету бөлімшесі осы заманғы аппараттармен жабдықталған жаңа үйлерге көшірілді. Жаңа медициналық құралдар алынуына байланысты перзентханада эндоскопиялық хирургиялық көмек көрсетуге мүмкіндік туды.

1998 ж. қазан айында облыстық аурухана жанынан күрделі инженерлік-техникалық аппараттармен жабдықталған жаңа клиника ашылды. Үш қабатты, ауданы 4500 м2 жаңа ғимаратта орналасқан бұл аурухана өзінің оташылық-реанимациялық, күйік емдеу бөлімшелерімен дүниежүзілік деңгейде жұмыс істейтін емдеу орнына айналды. Бүкіл оташылық көмек облыстық емханаға шоғырланды, бұл халыққа диагностикалық-консультативтік кеңес ұйымдастыру, әдістемелік көмек көрсету жұмысын жақсартуға септігін тигізді. Жыныстық аурулардың алдын алу жөнінде бағдарлама жасалған. Жергілікті әкімшіліктің тиісті шешімі бойынша бүкіл емдеу мекемелері керекті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген. А. Сүндетов атындағы Атырау медициналық колледжі емдеу орындары үшін фельдшер, акушер, медбике, тіс дәрігері мамандарын даярлайды. Ауылдық жердің тұрғындарына көмек көрсетуді жақсарту үшін жергілікті жерге барып, орта медицина қызметкерлеріне мамандық жетілдіру курсын өткізу ісі жүргізіледі.

ВОЗ әдісін 1994 ж. Атырау облысына енгізгелі 3439 адам емделген. «Проект Надежда» қоғамымен келісім бойынша 1999 жылдан облыста туберкулезге қарсы күрес жылжымалы емханасы жұмыс істейді. ВОЗ-дың талаптарына сәйкес «Иммунизация» бағдарламасын жүзеге асыру барысында балалардың 95% қамтылған. «Қазақстан-2030» бағдарламасына сәйкес облыстық салауатты өмір салтын калыптастыру орталығы ұйымдастырылған. Мекемеаралық үйлестіру кеңесі, барлық аудандарда денсаулық түзеу орталығы ашылған.

Жедел жәрдем беру орындарының материалдық базасы жақсартылған. 6 жедел жәрдем автокөлігі, 1 реанимобиль, 4 шағын ЭКГ аппараты алынған. Қазақстанның Кардиологиялық ғылыми-зерттеу институтының мамандары облысты арнайы зерттеп, шипалық қорларға нақты баға берді. Гидрохимиялық құрамы жағынан шипалық бұлақ көздері, жер асты су қорлары анықталды. Солардың ішінде Жылыой ауданының Мұнайлы кәсіпшілігі төңірегіндегі Сарыбұлақтың минералды суы ас қорыту мүшелерінің ақауларын және денедегі зат алмасу процесінің бұзылуын реттеуге әбден жарамды деп табылды. 1988 ж. осы сияқты күкіртсутекті сусын көздері Атырау қаласының түбінен, Индер ауданынан Ащыбұлақ көзі, Жылыойда Төресайдан, Сарнияздан, Құлсарыдан, Мақат ауданында Ескенеден, Доссор маңынан да анықталды.Атырау: Энциклопедия. -Алматы: Атамұра, 2000 ISBN 5-7667-9129-1

Облыстың қала, аудандары бойынша 52 бастапқы медициналық-санитарлық емхана, 35 аурухана, 5 облыстық аурухана, 4 диспансер, 1 қалалық, 7 аудандық ауруханалар, Доссор кентіндегі аурухана, 7 аудандық өкпе аурулар ауруханалары жұмыс істейді. Сондай-ақ шалғай ауыл-село тұрғындары үшін 10 ауылдық учаскелік аурухана, 15 емхана, 61 медициналық пункттер қызмет көрсетеді. Атырау облысының денсаулық сақтау саласында 2018 жылдың қорытындысымен 625 мың халыққа (10 000 адамға шаққанда көрсеткіш 23,3 құрап отыр) 1468 дәрігер, 5002 орта буын қызметкері (бұдан әрі-ОБҚ) медициналық қызмет көрсетеді, яғни өткен жылдармен салыстырғанда (2016 жылы -1290 дәрігер, 4465 ОБҚ, 2017 жылы -1400 дәрігер, 4936 ОБҚ) дәрігерлер саны 4,3%-ға өскен. 2018 жылғы 29 шілдеде Оңтүстік Кореяның Бундан Чанг клиникасымен меморандум жасалып, Мемарандум шеңберінде Келісім бойынша Оңтүстік Кореяға білімін жетілдіруге жолдама арқылы 7 маман оқып келді.http://atyrau.gov.kz/page/read/Otchet_za_2018_god.html 2018 ЖЫЛҒЫ ЕСЕП

Атырау облысы бойынша емдеу-сауықтыру ұйымдарының тізімі Атырау облыстық ауруханасыhttps: //zkgmu.kz/docs/vipuskniku/Atyrau.kaz.pdf №2 Атырау облыстық ауруханасы (Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы) thumb|right|300px|Атырау. 1951 жылы салынған мұнайшылар ауруханасы Атырау облыстық балалар ауруханасы Атырау облыстық медициналық жедел жәрдем станциясы Атырау облыстық перинаталдық орталығы Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы Атырау облыстық балалар стоматологиялық емханасы Атырау облыстық кардиологиялық орталығы Атырау облыстық қан орталығы Атырау облыстық наркологиялық диспансері Атырау облыстық онкология диспансері Атырау облыстық офтальмология ауруханасы Атырау облыстық паталого-анатомиялық бюросы Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы Атырау облыстық тері-венерологиялық диспансері Атырау облыстық туберкулезге қарсы балалар санаториясы Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығы Облыстық фтизиопульмонологиялық балалар санаториясы thumb|right|300px|Атырау. Облыстық аурухана Балалар оңалту орталығы Мамандандырылған балалар үйі «Атырау» санаторийі» АҚ «Қамыскөл санаториясы» ЖШС Атырау қалалық перзентханасы №1 Атырау қалалық емханасы №2 Атырау қалалық емханасы №3 Атырау қалалық емханасы №4 Атырау қалалық емханасы №5 Атырау қалалық емханасы №7 Атырау қалалық емханасы Геолог емханасы Дамбы дәрігерлік амбулаториясы Еркінқала дәрігерлік амбулаториясы «Сәлімжан және К» ЖШС дәрігерлік амбулаториясы «Медикер Жайық» ЖШС «Park Health West» ЖШС (бұрынғы Атырау темір жол ауруханасы) Жылыой аудандық орталық ауруханасы Индер аудандық ауруханасы Исатай аудандық ауруханасы Құрманғазы аудандық ауруханасы Қызылқоға аудандық ауруханасы Мақат аудандық ауруханасы Махамбет аудандық ауруханасы

Дәрі-дәрмекпен қамту саласы Гурьев губерниясында «Губмедторг» деп аталған алғашқы дәріхана Степан Разин көшесіндегі 53-үйде 1920 жылы ашылған. Сол жылы осы дәріханадан 28567 рецепт бойынша 466200 сомға дәрі-дәрмектер сатылған.https: //silkadv.com/en/content/3-gurev-1917-1940-gg Гурьев. 1917 - 1940 г.г. Жалпы халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету 1938 жылы Гурьев облысы құрылып облыстық дәріханалар басқармасы ашылғаннан кейін өріс ала бастады. 7-8 жыл ішінде Ұлы Отан соғысы кезіндегі қиындықтарға қарамастан аудан орталықтары мен шаруашылық мәні бар елді мекендерде дәріханалар ашылып, олар фармацевт, провизор мамандармен қамтамасыз етілді. Осындай ауқымды жұмыстарды М.Р.Шиферсон (1938-1952), И.А.Шур (1952- 1966) ұйымдастырды.

Фармация саласының одан әрі дамуына 1950 жылдардың екінші жартысы мен 1960 жылдары фармацевтік жоғары оқу орнын бітіріп келген Р.Көшембаев, Н.Өмірәлиев, О.Түсіпқалиев, Ш.Байдәулетов, Қ.Бекжанов, М.Қайсановалар үлкен еңбек сіңірді. Облыс елді мекендерінде типтік жобамен салынып, қажетті кұралдармен жабдықталған дәріханалар пайда болды. Облыстық дәріханалар басқармасы әр жылдарда денсаулық сақтау министрлігі, облыстық атқару комитеті құрамында болды. 1993 жылдан бері «Фармация» акционерлік қоғамы болып құрылып,бүгінгі күнде халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмыстарын табысты ұйымдастырып келеді.

Басқарманы әр жылдарда М.Ю.Шиферсон (1938-1952ж.), И.А.Шур (1952-1966ж.), Ш.Байдәулетов (1966-1974ж.), О.Түсіпқалиев (1974-1987), С.Нуппаев (1979 жылдан орынбасар, кейін басшы) басқарды.

Облыста фармацевтика саласында көптеген мамандар өз еңбектерімен танымал, олардың ішінде Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген провизор-фармацевтер В.С. Климова, М.Н. Яценко, Д.М. Сұлтанова, профизорлар Г.И.Нольде, И.У. Иманова, К.С. Баймұханова, З.Ж.Дәулетжанова және т. б. Ал кейінгі жылдары облыстық дәріханалар басқармасын Н. Өмірәлиев, А.Н. Кенжеахметов, А. Бисекешов, Е. Үмбетов сияқты республикаға белгілі мамандар басқарды.

1995-1997 жылдары бұл сала түгелдей жекешелендірілді. Бұрынғы басқару-бақылау жүйелері өзгеріп, 1995 жылы Мемлекеттік стандарт, кейіннен дәрі-дәрмектерді сараптау ұлттық орталығының филиалы, 2002 жылдан бастап Фармацевтикалық бақылау облыстық бөлімшесі құрылды. Қазіргі кезде дәріханаларда арнаулы лицензия алған фармацевт мамандар қызмет етеді, дәріханалар республикада арнаулы тіркеуден, сараптамадан өтіп, сертификат алған дәрілер ғана сатылады.химия ғылымдарының кандидаты О.Түсіпқалиев. Дәрі-дәрмекпен қамту саласы

Атырау өңіріндегі хирургиялық қызметтердің дамуы 1913 жылдары қазіргі Атырау облысы бойынша 53 орындық 4 аурухана жұмыс істеген онда 9 дәрігер жеке тәжірибесімен шұғылданған. Медициналық қамту жергілікті қазақ халқының көпшілігіне жетпегендіктен көбіне халықтық емшілік дамыған. thumb|right|200px|Облыстық аурухананың операциялық блогы 1941 жылдары Форт Александровскіде екі емхана-амбулатория уездік және земство ауруханасының жанында жалпы мемлекеттік медициналық қызмет, оның ішінде хирургиялық қызмет көрсету Доссор кәсіпшілігіндегі Нобель фирмасының қарауында болған. Арнаулы мәліметтерге қарағанда мүмкіндігінше дамыған 1915 жылдары үш дәрігер жұмыс істеген. Одаковский «Түркістан ведомствосы» 1872 ж. №36. Жұмысшыларды медициналық қамту өте нашар болған. Л.Е.Фаинаның мәліметіне сүйенсек Ембі жұмысшыларының арасындағы травматизм патшалық Ресейдің басқа кәсіпорындарынан бес есе жоғары болған. Доссор кәсіпшілігінде 1914 жылы барлық жұмысшылардың 49 пайызы әртүрлі деңгейде жарақат алған, оның ішінде 7 пайызы мүгедектікке ұшырап, еңбек ету қабілетінен толық айрылған.

Кеңес үкіметі орнаған алғашқы жылдары Гурьев қаласы мен Гурьев уезінде халықты медициналық қамтуға зор көңіл бөлінді. Алайда қолға алынған жүмыстар Орал губерниясын ақтардың басып алуымен үзіліп қалды. Тек қана 1920 жылы 5 каңтарда Гурьев қаласы мен Гурьев уезінде Кеңес үкіметі түпкілікті орнағаннан кейін ғана қалыпқа келе бастады. Гурьев қаласындағы үлкен казак әскери ауруханасы 50 орындық «Советская больница» болып қайта жаңғыртылды. Оның бірі хирургиялық бөлім болып ашылды. 1922 жылы қалада А.С.Домбрин хирург болып жұмыс істеген. Тұрғындарды медициналық қамту, оның ішінде хирургиялық жағынан дәрігер мамандардың және медициналық құрал жабдықтардың тапшылығынан жолға қою көп қиындық туғызды.