«Ұзаққа созылған балалық шақ» () — 2005 жылғы орыс фильмі. Башқұрт жазушысы Мұстай Кәрімнің осы аттас өмірбаяндық шығармасын фильмге бейімдеу.

Қысқаша мазмұны Фильмнің басты кейіпкері -Пупок деген лақап атымен белгілі, балалық шағын 1920 жылдары өткізген башқұрт ауылының баласы. Фильмде оның балалық шақ әлемі, отбасылық өмір, ауылдың өмірі, сол дәуірдегі дәстүрлі башқұрт қоғамы, өмірлері қиын уақытпен тұспа-тұс келген адамдардың тағдыры туралы баяндалады.

Басты кейіпкер өсе келе Ұлы Отан соғысы кезеңін бастан кешеді. Фильм кейіпкердің қиын жолы мен оның өз халқына қызмет ету жолын таңдап, жазушы болғаны туралы баяндайды.

Түсірілім барысы Кинорежиссер Болат Юсупов 1996 жылы башқұрт классикалық кітабын фильмге бейімдеуді ойластырған. web.archive.org/web/20130801040434/http://www.nr2.ru/16_36280.html/print/ Официальный сайт ГУП РБ Киностудии «Башкортостан» Бірақ қаржыландырудың жеткіліксіз болуына байланысты жоба бірнеше рет құлдырау алдында тұрды. 2003 жылы режиссер фильм сценариін айтарлықтай қысқартып, түсірілім жұмыстарын сәтті аяқтады.

Фильм 2006 жылы Қазанда өткен «Алтын Минбар» халықаралық мұсылман кинофестивальінің конкурстық бағдарламасына қатысты.

Рөлдерде актерлер рөлдері Айдар Закирьянов Пупок-бала кезі Ильмир ИдрисовПупок-ересек кезіЕгор Сурганов Асхат Вакиля Калмантаева Фанзиль Мухаметдинов Рушанна Бабич Людмила Нагим Нургалин Талип Расуль КарабулатовМарагим Лейсан Акназарова Гульшат Гайсина Сара Буранбаева Ильсур Хабиров Диана Кулик Вакиль Юсупов Азамат Абузаров Кіші Хамитьян

Түсіруші топ Сценарий авторлары: Магафур Тимербулатов, Болат Юсупов Режиссері: Болат Юсупов Қоюшы-оператор: Анатолий Лесников Қоюшы-суретші: Дмитрий Хильченко Композитор: Владислав Савватеев Продюсерлер: Раис Исмагилов

Түсірілген аймағы Фильм Башқұртстанның Баймақ ауданы, Байыш ауылында түсірілген. Белорецкден суретке түсіру үшін ГАЗ-М-1 винтажды көлігі жеткізілді.

Әскери көріністер «Алкино-2» полигонында түсірілді.

Дереккөздер

Санат:«Башкортостан» киностудиясы Санат:Ресей драма фильмдері