Бесқұдық (2020 ж. дейін — Калиновка)Ақтөбе облысының кейбір елді мекендерін қайта атау және атаудың транскрипциясын өзгерту туралы — Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы ауыл, Бегалы ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Қобда ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 32 км жерде, Қуағаш өзенінің бастауында, бетеге, қылқан селеу, т.б. шөптер өскен карбонатты, құмайтты қоңыр топырақты құрғақ дала белдемінде орналасқан.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1670 адам (817 ер адам және 853 әйел адам) болса, 2009 жылы 1303 адамды (639 ер адам және 664 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1000 адамды (527 ер адам және 473 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Тарихы Іргесі 1930 жылы Қазақ КСР-інің 30 жылдығы атындағы астық кеңшарын ұйымдастыруға байланысты қаланды. Оның негізінде 1997 жылдан Қазақстанның 30 жылдығы атындағы өндірістік кооператив құрылды.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, кітапхана, клуб, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Дереккөздер
Санат:Қобда ауданы елді мекендері