Эссекибо — Гайанадағы ең үлкен өзен. Өзеннің ұзындығы шамамен 1000 км. Елдің оңтүстігіндегі Акарай жотасының солтүстік беткейлерінде Сипу және Чодикор өзендерінің бірігуінен бастау алады.
Географиясы Ол ылғал ормандар мен саванналар арқылы солтүстікке қарай ағады. Ортаңғы және төменгі ағысында аралдар орналасқан. Джорджтауннан солтүстікке қарай 21 км Атлант мұхитына құятын кезде, ол көптеген аралдармен (Хог, Легуан) ені 20 км-ге дейін эстуарий қалыптастырады. Негізгі салалары -Рупунуни, Потаро, Мазаруни, Сипаруни, Киювин, Конаварук және Куюни өзендері.
Фаунасы Өзен фаунаға өте бай. Эссексибо бассейнінде балықтың 300-ден астам түрі белгілі, оның ішінде 60-қа жуық эндемикалық түрі бар.Hales, J., and P. Petry: Essequibo. Freshwater Ecoregions of the World. Retrieved 24 May 2014. Зерттеулер барысында Мазаруни өзенінің жоғарғы ағысындағы балықтың 36-39 түрі табылды. Балықтардың кем дегенде 24 түрі тек Мазаруни өзенімен ғана шектеледі. At least 24 fish species are resticted to Mazaruni River alone. Су тасқыны кезінде Бранко өзенінің жоғарғы ағысы (Амазонка бассейнінің бөлігі) және Эссекибо өзендері өзара байланысты, бұл су жүйесінде балық сияқты су фаунасында алмасу деңгейін қамтамасыз етеді.
Дереккөздер
Санат:Атлант мұхитына құятын өзендер (Оңтүстік Америка) Санат:Гайана өзендері