Талыс зат. этн. – тері ыдыс, шеберлік аспаптарын салатын сірі-көн ыдыс.Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 13-том / Құраст. А.Фазылжанова, Н.Оңғарбаева, Қ.Ғабитханұлы және т.б – Алматы, 2011. 13-том. – С – Т. – 752б; Талысты жылқының, сиырдың бас терісін бітеу сойып алып, шикі күйінде түгін сыртына қаратып жасайды. Оның түбі кеңдеу, ауыз жағы ықшамдалып, ашылып-жабылатындай екі ағаш жақтауға бекітіледі. Бұған балға, ыңғыру, таспа, шеттік, қанжыға, қайрақ сықылды күнделікті қажет нәрселер салынады. Терісі шүберектей етіп иленген бұл ыдысты қазақ көбінесе жүкаяқтың астына – белгілі жерге қояды. Кереге басында жылқының бас терісінен істеген талыс, желқом ер, босағада бір-екі қақпан жатыр (Ғ. Мұстафин, «Дауыл»). Қайдан табары мәлімсіз, Күсемістің сірі талысынан түйген тарының қоры еш уақытта үзілмейді. (С. Мұқанов, «Жұлдыз»).

Талыстай (Теңеу)

Талыстай сын. Үлкен, зор, дәуӘ.Қайдар «Қазақтар ана тілі әлемінде» этнолингвистикалық сөздік, ІІ том. Табиғат, Алматы, Сардар баспасы, 2013. – 607 бет;. Табалдырықта талыстай болып, кесе-көлденең түсіп, қарауыл жатыр екен, оянған жоқ (Ш. Мұртаза, «Қызыл жебе»). Әп-сәтте дастарқан жайылып, мен өзіміздің талыстай сумкадан дәмтағам, ішімдіктерді самсата бастадым (Ғ. Қайырбеков, «Ақ желкен»). Аяғымда қорбиған қонышты, кепкен талыстай үлкен ботинка (Ғ. Сапаев, «Гүлдана»).

Талыс (Қазақ тілінің аймақтық сөздігінде) 1. (Қ. орда: Сыр., Жал., Қарм.; Жамб.: Шу, Мойын.; Ақт., Ырғ., Шығ. Қаз., Зайс.) шеберлердің аспап салатын ыдысыҚазақ тілінің аймақтық сөздігі / Құраст. Ғ.Қалиев, О.Нақысбаев, Ш.Сарыбаев, А.Үдербаев және т.б. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2005. – 82 б;. Далабайдың талысы толған аспап (Қ.орда, Сыр.). Талысты жылқының, сиырдың бас терісінен істейді ( Ақт., Ырғ.). 2. (Орал: Орда, Жән.) мес, торсық. Кейбір талысқа 3-4 шелек қымыз сыяды (Орал, Орда). Көне жырларда талыс жылқының сиырдың бас терісінен істелген көн дорба. Бұл сөздің қолданысын қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы Қазақ-жоңғар соғысының бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы - Бұқар жырау жырында қолданған.

Мен арғын деген арыспын, Азуы керек қарыспын. Сен бұзау терісі шөншіксің, Мен өгіз терісі талыспын (Бұқар жырау).

Дереккөздер