Шайхыслям Серікжанұлы Мусин “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9 – ауыл шаруашылығы жұмысын ұйымдастырушы, Социалистік Еңбек Ері (1966), Қазақстанның еңбек сіңірген зоотехнигі (1966), Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері (1974). 1933 жылы 1 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында туған.

Еңбек жолы мен жетістігі 1955 жылы Алматы зоотехника-малдәрігерлік институтын бітірген. 1955 – 1976 жылдары - Алматы облысындағы асыл тұқымды “Қастек” мал зауытында бас зоотехник, директор. 1976 – 1993 жылдары жаңа құрылған “Жамбыл” кеңшарының директоры болды. Оның тікелей басшылығымен кеңшарға жаңа технология енгізілді: асыл тұқымды малдан алатын өнімді көбейту, зоотехникалық жұмысының тиімділігін көтеру үшін, өндірісте ең озық технологияны пайдалану жетілдірілді; аз өнім беретін шабындық жерлерге көп жылдық шөптесін өсімдіктер егілді; жан-жағынан қоршалып, мәдени дақылдар егілген үлкен алқаптар құрылды; механикаландырылған су көтеретін жабдықтармен жабдықталған құдықтар салынды; дәруменді ұн және ет-сүйек ұнын (белоктік минералды мал азығы) өндіретін өндіріс цехтары іске қосылды. Шайхыслям Серікжанұлы Мусин Қазақстанда алынған малдың аса бағалы биязы жүнді 4 қой тұқымы авторларының бірі.

Наградалары Ленин ордені 2 мәрте Еңбек Қызыл ту ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1966) Қазақстанның еңбек сіңірген зоотехнигі (1966) Есімі Қазақстанның Құрмет кітабына тіркелген (1966)

Еңбектері 16 ғылыми еңбек 2 авторлық куәліктің иесі 1974 жылы “Өндірісті негізге ала отырып, мал бордақылаудың жаңа технологиясын жасап шығару және оны енгізу” жұмысы үшін Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілді.

Сілтемелер Ботаника Зоотехника Ауыл шаруашылығы Қазақстан

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері