Эдвард Пол Шерингем (; 2 сәуір 1966https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/3392, Лондон, Англия), Тедди Шерингем ( ретінде көбірек танымал) — англиялық футболшы, шабуылшы, футбол жаттықтырушысы.

Мансабы 1996 жылғы Еуропа біріншілігінің қола жүлдегері, 1998, 2002 жылдары әлем чемпионатына қатысқан. 1996 жылғы Еуропа чемпионатында Нидерландының қақпасына екі гол соқты. Бұл ойында Англия 4:1 есебімен жеңіске жетті.

1998 жылғы әлем чемпионатында екі кездесуде алаңға шықты, бірақ гол соға алмады. 2002 жылғы әлем чемпионатынан құрамадағы карьерасын аяқтады.

Карьерасында "Тоттенхэм Хотспур", "Манчестер Юнайтед" секілді ірі клубтарда доп тепті.

2007/08 жылғы маусымнан соң "Колчестер" сапында ойнап жүріп карьерасын аяқтады да, 2014 жылы бапкерлік жолын бастады. Әуелі "Вест Хэм Юнайтед" клубында (2004-07 жылдары осы клубта доп тепкен) жаттықтырушының көмекшісі ретінде қызмет атқарды, 2015 жылы Англияның төменгі лигаларында ойнайтын "Стивэндж" клубын жаттықтырды. 2017-18 жылдары Үндістанның "Атлетико Калькутта" клубынының бас бапкері болды.

Ұлы Чарли Шерингем (1988 ж) де футболшы.

Жетістіктері

Командалық

Англия суперкубогы: 1997 Англия чемпионы: 1998/1999, 1999/2000, 2000/2001 Англия кубогы: 1998/1999 УЕФА Чемпиондар лигасы: 1998/1999 Құрлықаралық кубок: 1999

Жеке

Спорт журналистерінің сауалнамасы бойынша 2001 жылғы Англияның үздік футболшысы. Англия чемпионатының үздік мергені: 1993 (21) «Миллуолл» клубы тарихындағы үздік мерген: 111 гол Англия футболының құрмет залы: 2009.

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі (StretfordEnd.co.uk)

Санат:Англия футболшылары Санат:Англия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Юргорден ФК ойыншылары Санат:Ноттингем Форест ФК ойыншылары Санат:Тоттенхэм Хотспур ФК ойыншылары Санат:Манчестер Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Портсмут ФК ойыншылары Санат:Вест Хэм Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Колчестер Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Англия футбол жаттықтырушылары