Ермұхамбет Қасымов, Елекей (шамамен 1812 – 1890) – сұлтан, Әбілқайыр хан әулетінен. Кіші жүздің шөмекей, кете және керейіт руларының билеушісі.

Бірде Хиуа хандығы, Қоқан хандығы жағында болса, енді бірде орыс патшасы жағына шыққан. 1849–52 жылдары отбасымен Хиуа ханының түрмесінде отырған. Кейін түрмеден қашып шығып, орыс мемлекетінің қызметіне кіреді. Генерал В.Перовскийдің басшылығымен Ақмешітке жасаған шабуылға қатысып, полковник шенінде ерікті қазақ жасақтарын басқарған. 1862 жылы Ресей үкіметі оны Станислав медалімен марапаттаған.

Санат:1812 жылы туғандар Санат:1890 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақ сұлтандары Санат:Әбілқайыр әулеті Санат:Ресей империясы полковниктері Санат:Әулие Станислав медалінің иегерлері Санат:Төрелер