Ақ тұтқын (; және «Антарктика») — Антарктидадағы иттердің аман қалуы туралы 2005 жылғы көркем фильм. Нақты оқиғаларға негізделген 1983 ж. Жапондық фильмнің ремейкі.
Сюжеті Фильм 1993 жылы Антарктиканың кең кеңістігінде орын алады. Антарктикалық станцияның қызметкері Джерри Шеппард және университет профессоры Дэвис МакЛарен Мельбурн тауындағы Меркурийден қалған метеоритті іздеп ит шанамен экспедицияға шығады. Экспедиция тобы мұздықтардың үстінен өте бергенде, қарлы боранның астында қалып, жұқа мұздыққа тап болады. Осы тұста аяғы тайып кеткен профессор МакЛарен мұздың астына құлап, аяғын сындырып алады. Иттердің көмегімен аман қалған топ, лагерьге қайта оралады. Күрт өзгерген ауа-райы жағдайынан топқа станциядан эвакуациялану қажеттігі туындайды. Алайда, эвакуация ұшағының сыйымдылығының шектеулігінен иттер станцияда байлаулы түрде қалуға мәжбүр болады.
Антарктиканың сұм қысының басталып кетуінен экспедиция иттерді эвакуациялау үшін қайта орала алмайды. Осылайша иттердің Антарктиканың қатал табиғат заңдарына қарсы күресі басталады. Антарктикалық қыста иттер алты айдай қараусыз қалған американдық және ресейлік экспедиция базаларын мекендеп жан бағады. Алайда, шынжырынан босай алмай үсіп қалған Джек пен қорек іздеп жүріп жартастан құлап кеткен Дьюи ажал құшады.
Америкаға оралғаннан соң Джерри иттерді құтқару оперциясын жүзеге асыру үшін барын салады. Жұмыстан шығып, демеушілер мен МакЛареннің арқасында Джерри көктемде мұз ерігенде Антарктикаға оралады. Нәтижесінде экcпедиция аман қалған алты итпен қауышып, оларды эвакуациялайды.
Рөлдерде АктерРөліПол УокерДжерри ШеппардМун БладгудКэтиДжейсон БиггзЧарли КуперБрюс ГринвудДэвис МакЛарен
Түсірілім барысы Фильмді түсіруге 30-дан астам ит қатысты. Макс, Майя, Джек және Бак бұрын-соңды иттер туралы тағы бір фильмде, Қарлы иттермен ойнаған.Иттердің негізгі жаттықтырушысы Майк Александр болды.
Фильм «Үздік фильм музыкасы үшін» ASCAP сыйлығын алды. 2006 жылы фильм «Жастарға арналған ең жақсы DVD басылымы» аталымы бойынша Спутниктік сыйлыққа ұсынылды.Телевизиялық сұхбатында Пол Уокер фильмдегі барлық ит-кейіпкерлердің жиынтығында Шортанды ең жақсы көретінін айтты
Сілтемелер
https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B5%D0%BB%D1%8B%D0%B9_%D0%BF%D0%BB%D0%B5%D0%BD