Деян Станкович (; 11 қыркүйек 1978https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/3428, Белград) — серб футболшысы, жартылай қорғаушы.
Мансабы 1994-98 жылдары туған қаласындағы "Црвена Звезда" клубының намысын қорғады. 1996/97 жылғы маусымда клуб капитаны боп тағайындалып, клуб тарихындағы ең жас капитан боп тарихта қалды. Клуб сапынан 1998 жылғы әлем чемпионатына шақырылып, Югославия сапында турнирде үш кездесуде алаңға шықты.
Әлем чемпионатынан соң "Лациоға" ауысты. Бұл "Лационың" ең бір күшейген дәуірі-тұғын. Деян клубта Павел Недвед, Хуан Себастьян Верон, Иван де ла Пенья, Роберто Манчини секілді футболшылармен тізе қосып, 1999 жылы УЕФА Кубок иелерінің кубогын ұтты, ал 1999/2000 жылы Италия чемпионы атанды.
2004 жылы "Лационың" қаржылық жағдайы қиындай түсті де, клубтағы белді футболшыларды ұстап тұра алмады. Деян "Интернационалеге" ауысты. "Интернационаленің" сол кездегі бапкері Роберто Манчини болатын (Деянның "Лациодағы" бұрынғы клубтасы), Деянның сонда ауысуына осы жәйт те себепші болды, Манчини Деянды өз клубында көргісі келді.
Деян карьерасының соңына дейін "Интерде" ойнап, 2013 жылы тамыз айында карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді.
Кейін бапкерлікпен айналысты.
Жетістіктері Црвена Звезда
Югославия чемпионы: 1995 Югославия кубогы: 1995, 1996, 1997
Лацио
Италия чемпионы: 1999/00 Италия кубогы: 2000 Италия суперкубогы: 1998, 2000 Кубок иелерінің кубогы: 1999 УЕФА суперкубогы: 1999
Интернационале
Италия чемпионы: 2005/06, 2006/07, 2007/08, 2008/09, 2009/10 Италия кубогы: 2004, 2005, 2006, 2010, 2011 Италия суперкубогы: 2005, 2006, 2008, 2010 Чемпиондар лигасы: 2009/10 Клубтар әлем чемпионаты: 2010
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі Профилі
Санат:Белградта туғандар Санат:Югославия футболшылары Санат:Югославия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Сербия және Черногория футболшылары Санат:Сербия және Черногория Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Сербия футболшылары Санат:Сербия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Црвена Звезда ФК ойыншылары Санат:Лацио ФК ойыншылары Санат:Интернационале ФК ойыншылары Санат:Сербия футбол жаттықтырушылары Санат:Црвена Звезда ФК жаттықтырушылары