Мазиньо (; толық есімі — Иомар ду Насименту, ; 8 сәуір 1966, Санта-Рита, Параиба) — бразилиялық футболшы, жартылай қорғаушы. 1994 жылғы әлем чемпионы. Қазіргі күндегі танымал футболшылар Рафинья мен Тьяго Алькантараның әкесі.
Карьерасы
Клубтық 1983 жылы "Санта-Круз" сапында карьерасын бастап, 1986 жылы "Васко да Гама" клубына ауысты.
Тоқсаныншы жылдардың басында Италияға келіп, "Лечче" мен "Фиорентинада" доп тепті.
1992 жылы отанына оралып, "Палмейраста" екі маусым ойнады. 1994 жылғы әлем чемпионатынан соң "Валенсияға" ауысты. 1996 жылы "Сельтамен" келісім шарт жасасып, үш маусымдай ойнады.
2000 жылы Испания сегундасындаға "Эльчеге" ауысты.
2001 жылы "Витория" сапында ойнап жүріп карьерасын аяқтады.
Ұлттық 1988 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарында күміс жүлдегер атанған соң негізгі құрамаға да шақырту алды. 1989 жылы құрама сапында Оңтүстік Америка чемпионы атанды.
1994 жылғы әлем чемпионатында бірнеше кездесуде (соның ішінде Италиямен өткен финалдық кездесу де бар) алаңға шығып, алтын жүлдегер атанды. Бірақ осы турнирден соң құрамаға қайта шақырылмады.
Жетістіктері
Кариока лигасының чемпионы: 1987, 1988 Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері: 1988 Бразилия чемпионы: 1989, 1993, 1994 Оңтүстік Америка чемпионы: 1989 Паулиста Лигасының чемпионы: 1993, 1994 Рио-Сан Паулу турнирінің чемпионы: 1993 Әлем чемпионы: 1994
Сілтемелер
Профилі Санат:Бразилия футболшылары Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Футболдан Оңтүстік Америка чемпиондары Санат:Бразилия футбол жаттықтырушылары Санат:Васко да Гама ФК ойыншылары Санат:Лечче ФК ойыншылары Санат:Фиорентина ФК ойыншылары Санат:Палмейрас ФК ойыншылары Санат:Валенсия ФК ойыншылары Санат:Сельта ФК ойыншылары Санат:Эльче ФК ойыншылары Санат:Арис Салоники ФК жаттықтырушылары Санат:1988 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері