Винченцо Монтелла (; 18 маусым 1974https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/5960, Помильяно-д'Арко, Кампания) — италиялық футболшы, шабуылшы, футбол жаттықтырушысы. Карьерасы

Футболшылық Монтелла карьерасын 1990 жылы С сериясында "Эмполи" сапында бастады. 1995 жылы В сериясындағы "Дженоаға" ауысты. Бір маусымнан соң А сериясында ойнап жүрген "Сампдорияға" өтті. Екі қатарынан осы клубта ойнап, үздік мергендерінің бірі болды. Осы нәтижелі ойынына қызыққан "Рома" 1999 жылы жазда Монтелламен келісім шарт жасасты.

1999/2000 жылғы маусымда 18 голдың авторы атанды, 1999 жылы 21 қарашада "Романың" бітіспес қарсыласы "Лационың" қақпасына екі гол соқты (бұл ойында римдіктер 4:0 есебімен жеңіске жетті).

2007/08 жылғы маусымның ортасында "Фулхэмге" жалға берілді. Маусым соңында "Ромаға" оралды.

2007/08 жылғы маусымды "Сампдория" сапында арендада өткізді. Бір жылдан соң тағы да "Ромаға" қайта келіп, 2009 жылы карьерасын аяқтады.

Бапкерлік 2009 жылдан бері жаттықтырушылықпен айналысып келеді. Әуелі 2009-11 жылдары "Романың" 15 жасқа дейінгі жасөспірімдерін жаттықтырды. 2011 жылы негізгі клубқа бапкер болды.

2019 жылы "Фиорентинаның" бас бапкері боп тағайындалды.

Қатысқан турнирлері

Футболдан Еуропа чемпионаты 2000 Футболдан әлем чемпионаты 2002

Жетістіктері

Футболшы ретінде

«Рома»

Италия чемпионы: 2000/01 Италия кубогы (2): 2002/03, 2004/05 Италия суперкубогы: 2001

Италия құрамасы

Еуропа чемпионатының қола жүлдегері: 2000

Бапкер ретінде

«Фиорентина»

Италия кубогының финалисі: 2013/14

«Милан»

Италия кубогы: 2016

«Севилья»

Испания кубогының финалисі: 2017/18

Дереккөздер

Сілтемелер Футболшының профилі

Санат:Италия футболшылары Санат:Италия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Эмполи ФК ойыншылары Санат:Дженоа ФК ойыншылары Санат:Сампдория ФК ойыншылары Санат:Рома ФК ойыншылары Санат:Фулхэм ФК ойыншылары Санат:Италия футбол жаттықтырушылары Санат:Рома ФК жаттықтырушылары Санат:Фиорентина ФК жаттықтырушылары Санат:Милан ФК жаттықтырушылары Санат:Севилья ФК жаттықтырушылары Санат:Түркия Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары