Робин () — Бэтмен жайлы комикстердегі бірнеше кейіпкердің лақап аты. Бұл кейіпкерлер әдетте Бэтменнің әріптесі ретінде, кейде жеке қаһарман ретінде бейнеленеді.
Биографиясы Дик Грейсон Комикстердегі тұңғыш Робиннің есімі — Ричард «Дик» Грейсон. Ол ата-анасымен бірге циркте акробат болған. Нөмірлердің бірін орындау кезінде оның ата-анасын Зукко есімді босс өлтіреді. Брюс Уэйн баланы өз қамқорлығына алады. Келесі он жылда Брюс пен Дик арасында әке мен ұлы тәрізді қарым-қатынас орнады. Басында Дик кісі өлтірушіден кек алғысы келген, алайда кейіннен Брюстің — Бэтмен екенін біліп қояды. Брюс Дикті өзінің көмекшісі етіп Робин (таңшымшық) лақап атын алуға рұқсат еткен. Уақыт өте келе Дик кек жолынан бас тартып, жай ғана Бэтменнің көмекшісі болып қалды.
Кейіннен Дик Робин қызметін тастап Найтвинг () атты қаһарманға айналды. Суперзұлым Бэйн қараңғылық серісінің омыртқасын сындырғаннан кейін Грейсон уақытша Бэтменнің костюмін киді. Дик қараңғылық серісінің рөліне әбден еніп Брюстің демалғаны жөн деп шешедіRobin (vol. 2) #172Robin (vol. 2) #174.
Дереккөздер
Санат:Комикс кейіпкерлері Санат:1940 жылы пайда болған комикс кейіпкерлері Санат:DC Comics кейіпкерлері Санат:DC Comics суперқаһармандары Санат:Билл Фингер ойлап тапқан кейіпкерлер