Қорқытушы (), шын есімі Доктор Джонатан Крейн () — комикс кейіпкері, DC Comics ғаламының суперзұлымы, әрі Бэтменнің жауы. Боб Кейн және Билл Фингер ойлап тапқан. World's Finest Comics #3 (1941) комиксінде дебют жасады. Джонатан Крейн — психиатр, қарсыластарын қорқытып, үркіту үшін әртүрлі есірткі түрлерімен психологиялық қысымды қолданады.

Комикстердегі тарихы Америкалық комикстердің Алтын ғасырында Қорқытушы комикстерде тек екі рет қана көрінді. Кейіпкерді комикстердің Күміс ғасырында жазушы Гарднер Фокс пен суретші Шелдон Молдофф Batman #189 (1967 ақпан) комиксінің беттеріне шығарып екінші өмір сыйлады. Сол уақыттан бері ол Бэтменнің ең басты қарсыластарының бір саналадыMike’s Amazing World of DC Comics Scarecrow ofEarth-2. Retrieved July 31, 2008. Mike’s Amazing World of DC Comics "Fright of the Scarecrow, " Batman #189 (Feb 1967). Retrieved July 31, 2008. .

Өмірбаяны Джонатан Крейн жастайынан арық денесінің кесірінен қатарластарынан көп қорлық көріп, тұйық ашушаң бала болып өсті. Бұған қарамастан Крейн химия және психология саласында аса білімділік көрсетіп, қорқыныш психологиясына қызығушылық танытқан. Кейіннен Готэм университетінің психология факультетіне оқуға түседі. Көп ұзамай Крейн оқуда озат болып Аркхэм клиникасының профессоры атанады. Алайда әріптестері Крейннің адамдарға жасаған тәжірибелері жайында біліп қойып, нәтижесінде ол Аркхамнан қуылады.

Дереккөздер

Санат:Алфавит бойынша кейіпкерлер Санат:DC Comics кейіпкерлері Санат:DC Comics суперзұлымдары Санат:Боб Кейн ойлап тапқан кейіпкерлер Санат:Билл Фингер ойлап тапқан кейіпкерлер Санат:Комикс кейіпкерлері Санат:1941 жылы пайда болған комикс кейіпкерлері Санат:DC Comics