Николас Иоанну (; 10 қараша 1995https://ru.wikipedia.org/wiki/Transfermarkt, Лимасол, Кипр) — кипрлік футболшы, Кипр Ұлттық футбол құрамасы мен АПОЭЛ футбол клубының қорғаушысы.
Карьерасы
Клубтық 11 жасынан бастап "Манчестер Юнайтед" академиясында тәрбиеленді. 2013 жылы кәсіпқой футболшы ретінде Кипрдің АЕП клубына ауысты.
2014 жылы тағы бір кипрлік клуб — АПОЭЛ қатарын толықтырды.
Ұлттық құрама 2017 жылы 3 маусымда Португалияға қарсы жолдастық кездесуде тұңғыш рет Ұлттық құрама сапында алаңға шықты. 2019 жжылы 10 қазанда ЕУРО-2020 іріктеуіндегі Қазақстан құрамасына қарсы сырт алаңдағы ойында тұңғыш голын соқты.
Жетістіктері
Командалық АПОЭЛ
Кипр чемпионы (4): 2014/2015, 2015/2016, 2016/2017, 2017/2018 Кипр кубогы (1): 2014/2015
Жеке
Кипр чемпионатының үздік жас футболшысы: 2016/2017
Дереккөздер
Сілтемелер Футболшының профилі
Санат:Кипр футболшылары Санат:Кипр Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:АПОЭЛ ФК ойыншылары Санат:Арис Салоники ФК ойыншылары