Сэр Кеннет Мэтисон Далглиш (; 4 наурыз 1951https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/135269, Глазго, Шотландия), қысқаша Кенни Далглиш () — шотландиялық футболшы, шабуылшы, футбол жаттықтырушысы. "Селтик" пен "Ливерпульде" ойнап, көпке танымал болған. Шотландия Ұлттық футбол құрамасы сапында 102 ойын өткізіп, рекорд жасады.

Мансабы "Селтикпен" 17 жасында келісім шарт жасасты. 1969-77 жылдар аралығында төрт рет Шотландия чемпионы атанды. Глазголық клуб сапында ойнап жүріп, 1971 жылы Айброкс трагедиясының куәсі болды. 1971/72 жылдан бастап "Селтиктің" негізгі құрамында ойнай бастады.

1977-90 жылдары "Ливерпуль" сапында доп тепті. Жалпы өзінің 22 жылдық карьерасында екі клубта ғана ойнады. "Ливерпуль" сапында мүмкін болған барлық кубокқа қол жеткізді. Ол жүлделердің арасына үш бірде Чемпиондар лигасының кубогы бар болатын. 1978, 1981, 1984 жылғы УЕФА Чемпиондар кубогының финалдарының бәрінде Далглиш алаңға негізгі құрамда шықты.

Бапкерлік карьерасында "Ливерпуль", "Селтик" клубтарын жаттықтырды, бірнеше дүркін Англия чемпионы атанды.

1974, 1978, 1982 жылғы әлем чемпионаттарына қатысты.

Жетістіктері

Футболшы ретінде

Шотландия чемпионы: 1971/72, 1972/73, 1973/74, 1976/77 Шотландия кубогы: 1972, 1974, 1975, 1977 Шотландия лига кубогы: 1975 Англия чемпионы: 1978/79, 1979/80, 1981/82, 1982/83, 1983/84, 1985/86 Еуропа Чемпиондар кубогы: 1977/78, 1980/81, 1983/84 Англия кубогы: 1986 Англия кубогы: 1977, 1979, 1980, 1982, 1986, 1988, 1989 Еуропа суперкубогы: 1977

Бапкер ретінде

Англия чемпионы: 1985/86, 1987/88, 1989/90, 1994/95 Англия кубогы: 1986, 1989 Англия лига кубогы: 2012 Англия суперкубогы: 1986, 1988, 1989, 1990 Шотландия лига кубогы: 2000

Жеке

Англиядағы жыл бапкері: 1986, 1988, 1990, 1997 Шотландия чемпионатының үздік мергені: 1976 ФИФА 100 тізіміне енген

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі Профилі LFCHistory.net Профилі Профилі Профилі soccerbase.com Liverbird.ru Liverbird.ru

Санат:Шотландия футболшылары Санат:Шотландия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Селтик ФК ойыншылары Санат:Ливерпуль ФК ойыншылары Санат:Шотландия футбол жаттықтырушылары Санат:Ливерпуль ФК жаттықтырушылары Санат:Блэкберн Роверс ФК жаттықтырушылары Санат:Ньюкасл Юнайтед ФК жаттықтырушылары Санат:Селтик ФК жаттықтырушылары