Қособа – Аққұм құмды алқабының шығысындағы аласа тау.
Географиялық орны Ақтөбе облысы Қобда және Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандарында орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 240 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 20 км-ге созылған, енді жері 9 км. Беткейі жайпақ келген. Тау етегіндегі бұлақтардан Қалдығайты, Қиыл өзендерінің салалары бастау алады. Солтүстігінде Алмастау, шығысында Қаратау таулары бар.
Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында қара жусан аралас бетеге, қызғылт қау, боз, т.б. әр түрлі ксерофитті шөптесіндер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Қобда ауданы таулары Санат:Шыңғырлау ауданы таулары