Днипро клубымен шатастырмаңыз

«Днипро-1» — Украинаның Днипро қаласындағы кәсіпқой футбол клубы. 2017 жылы құрылған. Өз алаңындағы ойындарын "Днипро-Аренада" өткізеді. 2018/19 жылғы маусымда Украина бірінші лигасында жеңімпаз атанып, Украина суперлигасына жолдама алды.

Клубтың кадрлық саясаты - тек украиналық футболшылардан ғана команда құру.

2017/18 жылғы маусымды екінші лигада өткізіп, екінші орын алды да, бірінші лигаға көтерілді. 2018/19 жылғы маусым қорытындысында Украинаның жоғары дивизионына жолдама алды.

Жетістіктері

Бірінші лига жеңімпазы: 2018/19 Украина кубогының финалисі: 2017/18, 2018/19

Стадионы Құрылған кезде "Метеор" стадионында өз алаңындағы ойындарын өткізіп жүрді. Днипролық байырғы клуб "Днипро" 2019 жылы тараған соң, "Дниро-Арена" стадионына ауысты.

"Днипро-Арена" 2008 жылы салынған. 2019 жылға дейін "Днипро" клубының базасы боп келді.

Санат:Украина футбол клубтары