«Крылья Советов» — Ресейдің Самара қаласындағы кәсіпқой футбол клубы. Өз алаңындағы ойындары "Самара Арена" стадионында өткізеді.
26 маусымды КСРО жоғары лигасында өткізді. Соңғы рет 1979 жылы ойнады да, қайта орала алмады. Тіпті екінші лигаға түсіп кеткен маусымдары да болды. Ал Ресей чемпионаттарында тек екі рет қана жоғары дивизионнан түсіп қалды. Жоғары көрсеткіші 2004 жылы қола жүлде.
Жетістіктері
Ұлттық Ресей чемпионаты
Қола жүлде (1): 2004
КСРО және Ресей бірінші лигасы
Жеңімпаз (6): 1945, 1956, 1961, 1975, 1978, 2014/2015 2-орын (1): 2017/18
КСРО / Ресей кубогы
Финалист (3): 1952/1953, 1963/1964, / 2003/2004
РСФСР чемпионаты
Жеңімпаз (3): 1961, 1983, 1991 3-орын (2): 1984, 1986
Атақты футболшылары
Ян Коллер (Чехия) Иржи Ярошик (Чехия) Шелдон Бато (Тринидад) Ғалымжан Хусаинов (КСРО) Миржалол Қасымов (Өзбекстан) Сергей Игнашевич (Ресей) Александр Бородюк (Ресей)
Сілтемелер Ресми сайты Самара футболының мұражай орталығы Тарихы https://instagram.com/fckssamara
Санат:Ресей футбол клубтары