«Депортиво Алавес» () немесе қысқаша «Алавес» — Испанияның Витория қаласындағы футбол клубы. Өз алаңындағы ойындарын "Мендисорроса" стадионында өткізеді. Қазіргі таңда Испания Ла Лигасында ойнайды.
Клуб 1921 жылы құрылды. Испания Ла Лигасындағы ең жоғары көрсеткіші — 1999/2000 жылғы 6-орын. Осы жетістіктен соң УЕФА кубогына қатысып, 2001 жылы финалға шықты. "Ливерпульмен" негізгі уақытта 4:4 есебімен тең ойнады да, 117-ші минутта гол жіберіп алды. Айта кету керек, бұл ойында "Алавестің" екі ойыншысы қуылған-ды.
2002/03 жылғы маусымда да УЕФА кубогына қатысты, бірақ екінші кезеңде жарыстан шығып қалды.
Жетістіктері
Испания кубогының финалисі: 2016/17 УЕФА кубогының финалисі: 2000/01 Сегунданың жеңімпазы: 1929/30, 1953/54, 1997/98, 2015/16
Атақты футболшылары
Йохан Хорди Кройф Патрик Твумаси Алеш Видаль
Сілтемелер Ресми сайт
Санат:Испания футбол клубтары