Пиерос Сотириу (; 13 қаңтар 1993https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/182392, Никосия, Кипр) — кипрлік футболшы, Кипр Ұлттық футбол құрамасы мен "Лудогорец" клубының шабуылшысы. Кипр және Дания чемпионаттарының алтын жүлдегері. 2012 жылдан бері Ұлттық құрамада ойнайды.

Мансабы Карьерасын 2010/11 жылғы маусымда "Олимпиакостан" бастады. 2011 жылы 19 наурызда Кипр жоғары дивизионындағы тұңғыш кездесуін өткізді. 2011 жылы 18 қыркүйекте болашақ клубы АПОЭЛ қақпасына клуб сапындағы тұңғыш ресми голлын соқты.

2013 жылы жазда АПОЭЛ-ге ауысты. 29 тамызда бельгиялық "Зюлте-Варегемге" қарсы Еуропа Лигасының іріктеуінде тұңғыш рет жаңа клубы құрамында алаңға шықты.

АПОЭЛ сапында ойнаған барлық маусымда да Кипр чемпионы атанды.

2017 жылы жазда "Копенгагенге" ауысты.

2020 жылы қаңтарда "Астанаға" ауысты.

Ұлттық құрама сапында тұңғыш рет 2014 жылы 14 қарашада Финляндия құрамасына қарсы жолдастық кездесуде алаңға шықты.

Жетістіктері

Кипр чемпионы: 2013/14, 2014/15, 2015/16, 2016/17 Кипр кубогы: 2013/14, 2014/15 Дания чемпионы: 2018/19

Дереккөздер

Сілтемелер Статистикасы Профилі APOEL official profile Profile at UEFA.com

Санат:Кипр футболшылары Санат:Кипр Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Олимпиакос Никосия ФК ойыншылары Санат:Копенгаген 1992 ФК ойыншылары Санат:Копенгаген 1992 ФК ойыншылары Санат:АПОЭЛ ФК ойыншылары Санат:Астана ФК ойыншылары Санат:Лудогорец ФК ойыншылары