Луций Эмилий Павел (), көбіне — Луций Эмилий Лепид Павел (), (б. з. д. 28 — 14 жыл) — 6 жылы қастандық жасағысы келген Октавиан Августтың немересі Випсания Юлия Агриппинаның жұбайы, 1 жылдағы Рим империясының консулы.
Шығу тегі Б. з. д. 34 жылдағы консул-суффект және б. з. д. 22 жылдағы цензор болған, патрициандық Эмили тұқымынан шыққан Павел Эмилий Лепидтің отбасының кіші ұлы болды. Отбасында Луцийден басқа екі бала болды: үлкен ағасы Марк Эмилий Лепид және қарындасы Эмилия ЛепидаSyme R. The Augustan aristocracy. — Oxford, 1989. — P. 158—159
Екінші некесінде Павел Эмилий Региллді дүниеге әкелген Клавдия Марцелла Кішіге үйленді.
Өмірбаяны Б. з. д. 4 жылы Випсания Юлия Агриппинаға үйленді. Некеден көп ұзамай кейіннен қыздары, Марк Юний Силан Торкватқа тұрмысқа шыққан Эмилия Лепида туылды.
1 жылы Гай Цезарьмен бірге консул лауазымын иеленді. Гай әскери жорықта болғандықтан, консул қызметін өзі атқарды.
5 жылы кейіннен Германиктің қызы, Калигуланың қарындасы мен көңілдесі Юлия Друзилланың екінші күйеуі атанған Луций мен Юлияның ұлы - Марк Эмилий Лепид дүниеге келді.
Гай Транквилл Светонийдің дерегі бойынша, жұп арнайы Юлия тапсырмасы бойынша құрастырылған қала шетіндегі ірі жекежайда тұрған. Алайда үлкен кеңістікті ұнатпайтын Август, үйді бұзуға бұйрық берген.
6 жылы Августқа қарсы қастандық ұйымдастырды. Бірақ қастандығы ашылып қалды да Луций Эмилий жер аударылды. 2 жыл өткеннен кейін Юлия Адрия теңізінде, Горгано мүсінінің солтүстігінде орналасқан Тремити архипелагына жер аударылды. Бұл жерде ол өліміне шейін 20 жыл өткізді.
Марк Эмилий Лепид Кіші құрметті сенатор, 6 жылдағы консул, Луцийдің ағасы Марк Эмилий Лепидпен асырап алынды.
Луций 14 жылы көз жұмды.
Дереккөздер
Санат:Рим империясы консулдары