Бернарду Мота Вейга де Карвалью-и-Силва (; 10 тамыз 1994 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/241641, Лиссабон, Португалия) — португалиялық футболшы, Португалия Ұлттық футбол құрамасы мен "Манчестер Сити" клубының жартылай қорғаушысы. Мансабы Клубтық Карьерасында "Бенфика", "Монако", "Манчестер Сити" клубтарында ойнады. Бір қызығы, осы үш клуб сапында да ұлттық чемпионаттардың жеңімпазы атанды. Қазіргі клубына ("Манчестер Сити") 2017 жылы "Монако" сапынан ауысып келді.
Халықаралық 2013 жылы Силва 19 жасқа дейінгі Португалия құрамасында Литвада өткен жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатына қатысты. Турнирде ол Испания, Нидерланды, Литва және Сербия командаларына қарсы матчтарда ойнады. Сербтерге қарсы жекпе-жекте Бернарду гол соқты.
2015 жылдың 31 наурызында Кабо-Верде командасына қарсы жолдастық кездесуде Силва Португалия құрамасында дебют жасадыhttps://int.soccerway.com/matches/2015/03/31/world/friendlies/portugal/cape-verde-islands/2013996/.
Сол жылы Португалия жастар құрамасында Бернарду Чехияда өткен Еуропа жастар чемпионатында күміс медаль жеңіп алды. Турнирде ол Англия, Италия, Германия және Швеция командаларына қарсы матчтарда ойнады. Немістерге қарсы жекпе-жекте Силва гол соқты.
2017 жылы Силва Ресейдегі Конфедерациялар Кубогына қатысты. Турнирде ол Ресей, Жаңа Зеландия және Чили командаларына қарсы матчтарда ойнады. Жаңа Зеландиялықтарға қарсы жекпе-жекте Бернарду гол соқтыhttps://int.soccerway.com/matches/2017/06/24/world/confederations-cup/new-zealand/portugal/2166015/.
2018 жылы Силва Ресейдегі әлем чемпионатына қатысты. Турнирде ол Испания, Марокко, Иран және Уругвай командаларына қарсы матчтарда ойнады.
2021 жылы Силва 2020 жылғы Еуропа чемпионатына қатысты. Турнирде ол Венгрия, Германия, Франция және Бельгия командаларына қарсы матчтарда ойнады.
2022 жылы Силва Катарда өткен әлем чемпионатына екінші рет қатысты. Турнирде ол Швейцария, Марокко, Гана, Уругвай және Оңтүстік Корея командаларына қарсы матчтарда ойнады.
2024 жылы Бернарду Германияда өткен Еуропа чемпионатына қатысты. Осы турнир аясында Түркия құрамасына қарсы матчта алғаш рет гол соқты.
Жетістіктері
Клубтық
Португалия чемпионы: 2013/14 Португалия кубогы: 2013/14 Португалия суперкубогы: 2013/14 Франция чемпионы: 2016/17 Англия чемпионы: 2017/18, 2018/19 Англия кубогы: 2018/19 Англия суперкубогы: 2018 Англия Лига кубогы: 2017/18, 2018/19
Халықаралық
Жастар арасындағы Еуропа чемпионы: 2015 УЕФА Ұлттар Лигасының жеңімпазы: 2019 Дереккөздер
Сілтемелер Профилі Профилі
Санат:Португалия футболшылары Санат:Португалия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Бенфика ФК ойыншылары Санат:Монако ФК ойыншылары Санат:Манчестер Сити ФК ойыншылары