Хеффрен Исаак Суарес Бермудес (; 20 қаңтар 1988 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/53309, Сьюдад-Боливар, Венесуэла), Хеффрен ( рентінде жақсы танымал) — испаниялық және венесуэлалық футболшы, Венесуэла Ұлттық футбол құрамасы мен АЕК (Ларнака) клубының жартылай қорғаушысы.

Карьерасы

Клубтық 2003 жылы отбасымен бірге Испанияға көшіп өтті де, "Тенерифе" клубының академиясына қабылданды. Бір жылдан соң "Барселона" жастар клубына ауысты.

2008 жылы "Барселонаның" негізгі құрамына ауысты да, үш маусымдай ойнады.

2011 жылы "Барселонадан" түпкілікті кетіп, "Спортинг Лиссабон" сапына қосылды. Алғашқы маусымда жақсы ойнағанымен, кейін біртіндеп негізгі құрамдағы орнын жоғалтты да, тағы да клуб іздеуге мәжбүр болды.

2014 жылы 1 ақпан күні "Реал Вальядолидке" ауысты.

Ұлттық құрама Испанияның бірнеше жастағы құрамасында ойнағанымен, негізгі құрамадан шақырту алмады да, 2015 жылы Венесуэла құрамасы сапында сынға түсуге келісім берді. Құжаттардың бәрін реттеп, сол жылы 8 қыркүйекте Панамаға қарсы ойында тұңғыш рет алаңға шықты.

Бірақ 2016 жылдан бері Венесуэла құрамасында ойнаған жоқ.

Жетістіктері

Клубтық Барселона Испания чемпионы (3): 2008/09, 2009/10, 2010/11 Испания суперкубогы (1): 2009 Чемпиондар Лигасы: 2008/09, 2010/11 УЕФА Суперкубогы (1): 2009 Клубтар арасындағы әлем чемпионаты (1): 2009

Халықаралық Еуропа чемпионы (19 жас) (1): 2006 Еуропа чемпионы (21 жас) (1): 2011

Дереккөздер

Профильдері https://www.national-football-teams.com/player/60430.html https://int.soccerway.com/players/-/62804/

Санат:Испания футболшылары Санат:Венесуэла футболшылары Санат:Венесуэла Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Спортинг Лиссабон ФК ойыншылары Санат:Реал Вальядолид ФК ойыншылары Санат:Эйпен ФК ойыншылары Санат:Грассхопперс ФК ойыншылары Санат:АЕК Ларнака ФК ойыншылары