Камитов Нурлан (сәулетші) (1976 жылы 11 тамызда Алматы қаласында туған) — белгілі қазақстандық сәулетші, RIBA Британдық сәулетшілердің корольдік институтының құрметті мүшесіRIBA Members, AIA Америка сәулетшілер институтының мүшесі. IAAM Халықаралық Мәскеу сәулет академиясының профессоры және корреспондент мүшесіМеждународная Академия Архитектуры, отделение в Москве .
Қысқаша өмірбаяны
Нурлан Камитов Алматы қаласында, ҚазБСҚА (Қазақ бас сәулет—құрылыс академиясы) профессорының отбасында дүниеге келген. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының сәулет факультетін тәмамдады, дипломдық жұмысы Мәскеуде Халықаралық дипломдық жобалар конкурсында (МАПАШ, 1998) екінші орынды иеленді. 2006 жылы ол «Н.Д. Камитов», кейіннен «Kamitov Project» ЖШС Алматы қ. (2011), «INK Architects» ЖШС, Алматы қ. (2015) болып қайта құрылған компанияның негізін құрды. 2015—2016 жылдары Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы бастығының орынбасары, уақытша Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы бастығының міндетін атқарушыhttps://online.zakon.kz/Document/?doc_id=34672798#pos=2;-83 (2016-1017 жылдары) болып қызмет атқарды. Басшы міндетін атқарушы лауазымында Нурлан Камитов Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасында электронды құжат айналымының бастамашысы болды. 2018 жылы Нурлан Камитов қазақстандық сәулетшілер арасында RIBA Британдық сәулетшілердің корольдік институтының алғашқы мүшелерінің бірі болдыhttps://esquire.kz/kazahstanets-stal-tchlenom-korolevskogo-instituta-britanskih-arhitektorov/ . Жобалары
2004 жылдан бастап Нурлан Камитов жобалық қызметпен белсенді айналысты, 5 миллионнан астам шаршы метр тұрғын және коммерциялық алаң жобаладыhttps://forbes.kz/process/property/novyie_vyisotyi_kazahstanskoy_arhitekturyi/. Оның жетекшілігімен 30—дан астам бизнес орталығы мен тұрғын үй кешені, 300—ден астам қоғамдық ғимарат интерьері әзірлендіhttps://astanatimes.com/2018/04/local-architects-focus-on-solutions-for-more-indoor-comfort-create-innovative-design-ideas/. 2017 жылы Нурлан Камитовтың жетекшілігімен рекордтық қысқа мерзім ішінде (90 күн) «Hilton Expo Astana» бес жұлдызды қонақ үйі жобасының дизайны жобаланды және іске асырылдыhttps://kursiv.kz/news/kompanii-i-rynki/2017-08/v-astane-proshlo-torzhestvennoe-otkrytie-otelya-hilton-astana . 2019 жылы Нурлан Камитовтың жобасы бойынша Нұр—Сұлтан қаласында IAAF стандарттары бойынша жеңіл атлетика кешенінің құрылысы басталды. 2021 жылы Нурлан Камитовтың тұжырымдамалық жобалауы бойынша West Brickell (Вест Брикель) ауданында 36 қабатты кешеннің құрылысы жоспарланып отыр, Майами, АҚШhttps://forbes.kz/process/property/brickell_lux_-_novyiy_proekt_ink_architects_v_mayami/https://www.thenextmiami.com/revealed-renderings-of-brickell-lux-tower-with-hotel-residential/. Жетістіктері
Нурлан Камитовтың жетекшілігімен сәулет және компания интерьерлері дизайны саласындағы халықаралық марапаттары: ASIA PACIFIC PROPERTY AWARDS Architecture 2015-2016 — Best Architecture Multiple Residence Kazakhstan BI CITY SEOULhttps://propertyawards.net/asia-pacific-2015/ ASIA PACIFIC PROPERTY AWARDS LEISURE Interior Kazakhstan 2013—Highly Commended JUDOSUNhttps://propertyawards.net/asia-pacific-2013/ ASIA PACIFIC PROPERTY AWARDS LEISURE Interior Kazakhstan 2016—Highly Commended CAFE CENTRALhttps://propertyawards.net/asia-pacific-2016/ саласындағы конкурс жеңімпазы. Кітап басылымдарындағы жобалардың халықаралық басылымдары: Best 100 ultimate bars 2012 Displaying Magic Space 2013 Restaurants and Bars Awards London 2014 Best Designer 100 TOP world 2012. Көптеген жобалары мамандандырылған журналдарда жарияланған. Дереккөздер