Владимир Петкович (; 15 тамыз 1963 жыл, Сараево) — югославиялық және босниялық футболшы, жартылай қорғаушы, футбол жаттықтырушысы. Югославия және Швейцария клубтарында ойнаған. 1980 жылдары Швейцария азаматтығын алды да, сонда тұрақтап қалды. Сол себепті де жаттықтырушылық ғұмырында көбіне Швейцариялық клубтарды жаттықтырды.

Петковичтің жаттықтыруымен Швейцария құрамасы Еуропа чемпионаттарында тұңғыш рет топтық турнирден өте алды (2016 жылы).

Сондай-ақ 2018/19 жылғы УЕФА Ұлттар лигасында жартылай финалға дейін жетті.

Жетістіктері

Ойыншы ретінде

Югославия кубогы: 1983 Югославия чемпионы: 1985

Бапкер ретінде

Италия кубогы: 2012/13 Италия суперкубогының финалисі: 2013 УЕФА Ұлттар Лигасының жартылай финалисі: 2019

Жеке өмірі Үйленген, екі қызы бар.

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Босния және Герцеговина футболшылары Санат:Босния және Герцеговина футбол жаттықтырушылары Санат:Сьон ФК ойыншылары Санат:Копер ФК ойыншылары Санат:Санат:Янг Бойз ФК жаттықтырушылары Санат:Сьон ФК жаттықтырушылары Санат:Лацио ФК жаттықтырушылары Санат:Швейцария Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Югославия футболшылары Санат:Бордо ФК жаттықтырушылары Санат:Лугано ФК жаттықтырушылары