Deep Blue — IBM компаниясы шығарған шахмат ойнайтын компьютер. Сол кездегі әлем чемпионына қарсы қалыпты уақыт бақалау ережесі аясында Шахмат ойнын және шахмат матчын жеңген шахмат ойнайтын алғашқы компьютерлік жүйесі ретінде танымал.

thumb|right|Deep Blue, Компьютер тарихы мұражайында «Deep Blue» 1996 жылы 10 ақпанда әлем чемпионы Гарри Каспаровты алты-ойындық матчтың алғашқы бірінде жеңген. Дегенмен, Каспаров үш ұпай жинап, келесі бес ойынның екеуін жеңді, ол 4-2 есебімен Deep Blue жүйнсін жеңді. Кейінірек Deep Blue қайта жаңартылып 1997 жылы мамырда қайтадан Каспаровпен ойнайды. Deep Blue алтыншы ойынды жеңіп, сол себепті алты-ойындық матчты 3½-2½ ұпаймен жеңіп, уақыт бақылайтын стандартты шахмат турнирлеріндегі матчты жеңіп әлем чемпионын тізе бүктірген бірінші компьютерлік жүйе болды. Каспаров IBM-ді алаяқтықпен айыптап қайтадан ре-матч талап етті. IBM компаниясы бас тартып Deep Blue жүйесін бөлшектейді.

Deep Blue 1985 жылы Carnegie Mellon университетінде ChipTest жобасымен басталды. Бұл жоба, ақыр соңында, Deep Thought-ге айналды, сол кезде дамыту тобын IBM өзіне алады. Жоба 1989 жылы Deep Blue атымен ары дамыды. Грандмастер Жо Бенжамен де жамыту командасы құрамында болады.

Соңында Deep Blue секундына 200 миллион позицияны бағалау қабілетімен әлем шахмат чемпионына қарсы шыққан ең жылдам компьютер болды. Бүгінгі күндері компьютерлік шахматтық зерттеулер мен компьютерлерге қарсы әлемдік деңгейдегі ойыншылардың ойындарында назар арнайы шахматтық аппараттық жабдықтарға емес шахматтық бағдарламаларға ауысты. Houdini, Rybka, Deep Fritz немесе Deep Junior тәрізді заманауи шахмат бағдарламалары Deep Blue дәуіріндегі бағдарламаларға қарағанда тиімді.

Дереккөздер

Санат:Шахмат туралы аяқталмаған мақалалар Санат:Компьютерлік шахматтар Санат:IBM суперкомпьютерлері