Тимоти Мэттью Ховард (; 6 наурыз 1979https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/4267, Норт-Брансуик), АҚШ, Тим Ховард ретінде танымал — АҚШ-тық футболшы, қақпашы. КОНКАКАФ Алтын Кубогының екі дүркін чемпионы.

Карьерасы Тим афро-американдық Мэттью Ховард пен мажарлық Эстер Фекетенің отбасында дүниеге келген. Тим үшке толғанда ата-анасы ажырасып кетті де, бұл анасының қолында қалды. Сол себепті де Тим Ховардта АҚШ-тың да, Мажарстанның да азаматтығы бар.

Карьерасында АҚШ және Англия клубтарында ойнады. 2003 жылға дейін АҚШ-тың "Норт-Джерси Империалс", "МетроСтарз" клубтарында өнер көрсетті. 2003-07 жылдары "Манчестер Юнайтед" қақпасын қорғады, 2005 жылы клубқа Эдвин Ван дер Сар келген соң алаңға шығуы сиреп кетті де, жаңа клуб іздеуге мәжбүр болды.

2006 жылы "Манчестер Юнайтед" клубынан "Эвертонға" бір жыл жалға берілді. 2007 жылы "Эвертон" Ховардты түпкілікті сатып алды. Содан соң ұзақ жылдар бойы "Эвертон" сапында ойнады.

2012 жылы 4 қаңтарда "Болтон Уондерерс" қақпасына өз қақпасынан теуіп гол соқты.

Қазір (2016 жылдан бері) "Колорадо Рапидс" клубының қапашысы.

Ұлттық құрамада 2002-2017 жылдар аралығында ойнап, үш рет әлем чемпионатына, үш рет КОНКАКАФ Алтын кубогына қатысты.

Жетістіктері

Командалық «Манчестер Юнайтед»

Англия кубогы: 2004 Лига кубогы: 2006 Англия суперкубогы: 2003

«Эвертон»

Англия кубогының финалисі: 2009

АҚШ құрамасы

КОНКАКАФ Алтын кубогы: 2007, 2017 КОНКАКАФ Алтын кубогының финалисі: 2011

Жеке

MLS-тың үздік жас футболшысы (1): 2001 MLS жыл қақпашысы (1): 2001 MLS Best XI (2): 2001, 2002 АПЛ-дағы жыл командасы (1): 2003/2004 АҚШ-тағы жыл футболшысы (2): 2008, 2014 2009 жылғы Конфедерациялар кубогының үздік қақпашысы КОНКАКАФ-тағы жыл қақпашысы (1): 2013

Қатысқан турнирлері

Әлем чемпионаттары: 2006, 2010, 2014 КОНКАКАФ Алтын кубогы: 2007, 2011, 2017 Конфедерациялар кубогы: 2003, 2009 Жазғы Олимпиада ойындары

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:АҚШ футболшылары Санат:АҚШ Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Манчестер Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Эвертон ФК ойыншылары Санат:Колорадо Рэпидз ФК ойыншылары Санат:Футболдан Солтүстік Америка чемпиондары