Виктор Йөрген Нильссон Линделөф (; 17 шілде 1994 жыл, Вестерос) — швед футболшысы, Швеция Ұлттық футбол құрамасы мен "Манчестер Юнайтед" клубының қорғаушысы. 2018 жылдың қорытындысы бойынша Швецияда жылдың үздік футболшысы деп танылды. 2016 жылғы Еуропа чемпионатының және 2018 жылғы әлем чемпионатының қатысушысы.
Клубтық мансабы Линделёф - Вестерос клуб академиясының түлегі. 15 жасында ол негізгі командаға шақыру алды, ал 2010 жылдың қыркүйегінде (16 жасында) Швеция чемпионатының үшінші дивизионында дебют жасады. Маусым соңында Вестерос екінші дивизионға шықты. 2011 жылы 11 сәуірде Отвидабергке қарсы матчта ол өзінің суперэттандық дебютін жасадыhttps://www.transfermarkt.com/vasteras-sk_atvidabergs-ff/index/spielbericht/1092012. Сол маусымда ол 27 матчта ойнады және оның командасы 1-дивизионға оралды.
«Бенфика»
2012 жылы Виктор лиссабондық Бенфика клубына ауысты. Алғашқы маусымдарда екінші команда сапында өнер көрсетіп, кейде кубоктық матчтарда негізгі құрамға қосылып жүрді. 2014 жылдың 10 мамырында Портуға қарсы матчта Линделёф Сангреш лигасында дебюттік ойынын өткізді, ол Жуан Канселуның орнына шықтыhttps://www.transfermarkt.com/fc-porto_sl-benfica/index/spielbericht/2340364. Ол негізгі құрамда бір-екі минут өткізсе де, Португалия чемпионы және Португалия кубогының жеңімпазы ретінде тізімге ілікті. Келесі маусымда екінші командада өткізді. Онымен бірге ол Сегундада жүлделі орындарға ие болды. Төрт маусымда Линделёф екінші командада 96 матч өткізді.
2015/2016 маусымынан бастап Виктор негізгі құрамдағы ойындарға қатыса бастады. 2016 жылдың 16 ақпанында ол Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінің толық ойынын Санкт-Петербургтің Зенитіне қарсы өткізді (1:0)https://www.uefa.com/uefachampionsleague/match/2015763--benfica-vs-zenit/. 20 ақпанда Пасуш де Феррейра клубына қарсы матчта ол Бенфика сапында алғашқы голын соқтыhttps://int.soccerway.com/matches/2016/02/20/portugal/portuguese-liga-/pacos-ferreira/benfica/2068527/. Маусымның соңына дейін ол 23 матчқа қатысып, командасы Португалия лигасының кубогын жеңіп алды.
2016/17 маусымында Виктор үшінші рет Португалия чемпионы атанды, бұл оның негізгі құрамның даусыз ойыншысы болған алғашқы маусымы еді. Ол сондай-ақ Кубокты жеңіп алды. Линделёф сол маусымда көп гол соқпағанымен, жалғыз голын чемпиондық үшін күресте басты қарсыласы – «Спортингтің» қақпасына енгізді. Лиссабон дербиіндегі тең нәтижесінің арқасында «Бенфика» турнир кестесінде бірінші орнын сақтап қалды. Жазға қарай швед үшін күреске «Челси» мен «Рома» қосылдыhttps://football-italia.net/roma-target-lindelof/. Алайда ең табандысы «Манчестер Юнайтед» болды.
Статистикасы
Клубтық статистика 18 қазан 2024
КлубМаусымЛигаКубокЛига кубогыЕурокубокБасқа даБарыЛигаОйынГолОйынГолОйынГолОйынГолОйынГолОйынГолВестерос2009https://www.national-football-teams.com/player/63524/Victor_Lindelof.htmlДивизион 110————————102010Дивизион 190————————902011Суперэттан27010——————2802012Дивизион 1130————————130Бары50010——————510Бенфика B(фарм-клуб)2012/13Сегунда лига150————————1502013/14332————————3322014/15412————————4122015/1670————————70Бары964————————964Бенфика2013/14Примейра10100000——202014/150010000000102015/16151004040002312016/1732140208010471Бары482606012010732Манчестер Юнайтед2017/18https://www.soccerbase.com/players/player.sd?player_id=75984&season_id=150Премьер-лига170303050102902018/19https://www.soccerbase.com/players/player.sd?player_id=75984&season_id=151301300070004012019/20https://www.soccerbase.com/players/player.sd?player_id=75984&season_id=152351503040004712020/21https://www.soccerbase.com/players/player.sd?player_id=75984&season_id=1532913020110004512021/22https://www.soccerbase.com/players/player.sd?player_id=75984&season_id=154280101050003502022/23https://www.soccerbase.com/players/player.sd?player_id=75984&season_id=155201404070003502023/24https://www.soccerbase.com/players/player.sd?player_id=75984&season_id=156191302040002812024/25https://www.soccerbase.com/players/player.sd?player_id=75984&season_id=157100000000010Бары1794220150430102604Барлығы373102902105502048010
Ұлттық құрама статистикасы 11 қазан 2024
Ұлттық құрамаЖылОйындарГолдарШвеция Ұлттық футбол құрамасы201611120177020181112019412020502021120202260202380202450Барлығы693
+ Виктор Линделёф соққан халықаралық голдар тізімі№.КүнӨткен жерҚарсыласГолЕсепСайыс 1 10 қазан 2016 Френдс Арена, Сольна, Швеция 3–0 3–0 Футболдан 2018 жылғы әлем біріншілігі (іріктеу турнирі) 2 20 қараша 2018 Френдс Арена, Сольна, Швеция 1–0 2–0 УЕФА Ұлттар Лигасы 2018/19, В лигасы 3 5 қыркүйек 2019 Торсволлур, Торшгавн, Фарер аралдары 3–0 4–0 Футболдан 2020 жылғы Еуропа біріншілігі (іріктеу турнирі, Ғ тобы)
Жетістіктері
Командалық «Бенфика»
Португалия чемпионы (3) — 2013/14, 2015/16, 2016/17 Португалия кубогы (2) — 2013/14, 2016/17 Португалия лига кубогы — 2015/2016 Португалия суперкубогы — 2016
Халықаралық Швеция-21
Жастар арасындағы Еуропа чемпионы — 2015
Жеке
Чемпиондар лигасындағы жаңа есім: 2016 Швециядағы жыл футболшысы: 2018
Қатысқан турнирлері
Еуропа чемпионаты U21: 2015 Футболдан Еуропа чемпионы: 2016 Футболдан Әлем чемпионаты: 2018
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:Швеция Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Швеция футболшылары Санат:Вестерос ФК ойыншылары Санат:Бенфика ФК ойыншылары Санат:Манчестер Юнайтед ФК ойыншылары