Джоэл Иво Велтман (; 15 қаңтар 1992 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/111195, Велзен) — нидерланд футболшысы, "Аякс" футбол клубы мен Нидерланд Ұлттық футбол құрамасының қорғаушысы. 2014 жылғы әлем біріншілігінің қола жүлдегері.

Карьерасы 2011 жылы "Аякс" футбол академиясына қосылды да, карьерасын осы клубта бастады. 2012 жылы 19 тамыз күні дебют ойынын өткізді.

2013-15 жылдары "Аякстың" фарм-клубында ("Йонг Аякс") доп тепті. Соған қарамастан 2013, 2014 жылдары Нидерланд чемпионы атанды.

Нидерландының бірнеше жастағы құрамаларында ойнап, Ұлттық құрамадағы тұңғыш ойынын 2013 жылы өткізді. 2014 жылы әлем чемпионатына қатысты.

Жетістіктері

Командалық

«Аякс»

Нидерланд чемпионы (2): 2012/13, 2013/14 Нидерланд кубогы: 2018/19 Нидерланд суперкубогы: 2013 Нидерланд суперкубогының финалисі: (2): 2012, 2014 УЕФА Еуропа Лигасының финалисі: 2017

Халықаралық

Нидерланд құрамасы

ӘЧ қола жүлдегері: 2014

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Нидерланд футболшылары Санат:Нидерланд Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Аякс Амстердам ФК ойыншылары