Конфедерациялар кубогы 2013 (финал) (порт. Final da Copa das Confederações de 2013) — 2013 жылғы Конфедерациялар кубогының финалдық ойыны. 2013 жылы 30 маусым күні Рио-де-Жанейродағы "Мараканада" өтті. Матч Финалда алаң иелері Бразилия мен Испания құрамалары кездесті. Бразилия 3:0 есебімен жеңіске жетті де, қатарынан үшінші рет (бұл рекордтық көрсеткіш) чемпионы атанды. Сондай-ақ олар бесінші рет финалға шықты, төртінші рет жеңімпаз атанды. Бұл екеуі де рекордтық көрсеткіштер.
Мтатчтың үздік ойыншысы боп бразилиялық Неймар танылды. Ол осы ойында бір гол соқты, қалған екі голды Фред енгізді. Неймар осы жазда "Сантостан" "Барселонаға" ауысты да, финалда өзінің көптеген болашақ командаластарына қарсы ойнады. Протокол
БРАЗИЛИЯ: ққ 12 Жулио Сезар қ 2 Даниэл Алвес қ 3 Давид Луис қ 4 Тиаго Силва (к) қ 6 Марсело ж 18 Паулиньо ж 17 Луис Густаво ж 11 Оскар ш 19 Халк ш 10 Неймар ш 9 Фред Алаңға шыққандар: жқ 23 Жадсон ш 21 Жо ж 8 Эрнанес Бапкер:Луиз Фелипе Сколари300pxИСПАНИЯ: ққ 1 Икер Касильяс (к) қ 17 Альваро Арбелоа қ 15 Серхио Рамос қ 3 Жерар Пике қ 18 Жорди Альба ж 16 Серхио Бускетс ж 8 Хави ж 6 Андрес Иньеста ш 11 Педро Родригес ш 13 Хуан Мануэль Мата ш 9 Фернандо Торрес Алаңға шыққандар: қр 5 Сесар Аспиликуэта ж 22 Хесус Навас ш 7 Давид Вилья Бапкер:Висенте Дель Боске Дереккөздер
Сілтемелер Матчтың есеп-қисабы
Санат:2013 жылғы футбол Санат:Конфедерациялар кубогының финалдары Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойындары Санат:Испания Ұлттық футбол құрамасының ойындары