Жасур Мелиевич Нарзикулов (13 сәуір 1984 жыл, Жызақ, Өзбек КСР, КСРО) — өзбекстандық және қазақстандық футболшы, қақпашы.
Карьерасы Карьерасын 2006 жылы "Ордабасыда" бастады. 2007 жылы "Ақтөбеге" ауысты. 2007 жылға дейін Жасұлан Декханов (1987 жылы туған) боп ойнады да, 2008 жылғы маусым барысында оның шын аты жөні Жасур Нарзикулов екендігі, жалған құжатпен жүргендігі анықталып, Қазақстан чемпионаттарынан мүлде шеттетілді. Сондай-ақ Қазақстан құрамасында ойнауға тиым салынды.
Сол даудан соң Жасур Өзбекстанға кетіп, 2011 жылы ғана Қазақстанға оралды. 2011 жылғы маусымның екінші жартысын "Қайсарда" өткізіп, 2012 жылы "Ақтөбеге" қайта келді. Бірақ негізгі құрам Андрей Сидельниковтен босамай, алаңға жиірек шығу мақсатында "Таразға" ауысып кетті.
2015-2017 жылдары "Атырауда" ойнады. 2018 жылы "Ордабасыға" қайта оралды.
Жетістіктері
Командалық
«Ақтөбе»
Қазақстан кубогы: 2013 Қазақстан суперкубогы: 2014
"Атырау"
Қазақстан кубогының финалисі: 2017
Сілтемелер Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Өзбекстан футболшылары Санат:Ордабасы ФК ойыншылары Санат:Ақтөбе ФК ойыншылары Санат:Әндіжан ФК ойыншылары Санат:Машал ФК ойыншылары Санат:Қайсар ФК ойыншылары Санат:Тараз ФК ойыншылары Санат:Атырау ФК ойыншылары Санат:Қызылқұм ФК ойыншылары Санат:Тобыл ФК ойыншылары