Гарантия — 2018 жылы Шымкентте түсірілген Продюсер Бақберген Асанбаевтың фильмі. Жанры — отбасылық драма. Режиссері — Серік таласов.
Мазмұны Енесінен мезі болған келін оның көзін құрту үшін дәрігерге барып у жасатпақ болады. Дәрігер жасап береді. "Күніне бір тамшы ғана қосасың, бір айда қайтыс болады" дейді.
Келін үйіне келіп, енесінің тамағына қосып береді. Енесінің өлгенін тілесе де, бәрібір енесі қасықпен асты аузына апарғанда мұның аяқ-қолы дірілдеп, сыр беріп қояды. Бірақ ешкім күдіктенбейді.
Күндердің күнінде енесі шын ауырып қалады. Ісіне өкінген келін дәрігерге қайта жолығады. Бұл кезде енесімен арасы жақсы боп, ортада сыйластық пайда болған еді. Сөйтсе, дәрігер бұған "у" деп бір витаминді беріп жіберген екен.
Актерлер
Рөлдерде
Руслан Нұрман Ұлжалғас Сапаралиева Жәудір Сарыпбекова Ғалымжан Қалыбаев Ұлан Мықтыбек Олжас Омаров Сүйлейменова Ақмарал Нұржамал Қаламбаева Алтын Айнабалаева Мұрат Сейдалиев Мақсат Мырзахметов Айғаным Аманкелді Рауан Ахметов Бағым Мақатай
Эпизодтағылар
Диас Беркінбаев Асқар Тәжі Азамат Сәдуақас Диана Искандарова Гүлбану Жүзбаева Айлин Төребек Раяна Төребек Қалдыбай Елеуов
Басқа да фактілер "Гарантия" сөзі фильмде бір рет қана айтылады. Дәрігер келінге уды беріп жатқанда келін одан:
— Шынымен әсер ете ме? — деп сұрайды. Дәрігер:
— Га-ран-тия! — деп шегелеп тұрып айтады.
Сілтемелер Ютубтан тамашалау Санат:2018 жылғы фильмдер Санат:Қазақстан драма фильмдері