Сергей Викторович Парейко (; 31 қаңтар 1977https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/15747, Таллин) — эстон футболшысы, қақпашы. Эстония Ұлттық құрамасының қақпасын қорғаған. Эстония, Ресей, Италия, Польша клубтарында ойнаған. Қазір "Левадия" клубының спорттық директоры.

Карьерасы

Клубтық Парейко Италия клубтарында өнер көрсеткен тұңғыш бұрынғы КСРО қақпашысы. 1998 жылы "Таллинн" клубынан Италияның "Казале" сапына ауысып, бір маусымдай ойнады да, маусым соңында Эстонияға қайта оралып, "Левадияда" ойнады. "Левадия" сапында екі жыл қатарынан Эстония чемпионы атанды. Кейін "Висла" сапында да Польша чемпиодығына қол жеткізді.

2015 жылы осы "Левадияда" ойнап жүріп қарьерасын аяқтады.

Ұлттық құрама Құрамадағы алғашқы ойынын 1995 жылы өткізді. 19 жыл бойы құрама ойыншысы саналғанымен, 65 матчта ғана алаңға шыққан.

Жетістіктері Эстония кубогы: (3) 1995/96, 1996/97, 1999/2000 эстония суперкубогы: 1996, 1999, 2000 Эстония чемпионы: (2) 1998/99, 1999/00 Польша чемпионы: 2010/11

Отбасы Әйелінің аты Виктория, ұлы Даниил.

Дереккөздер

Сілтемелер Сергей Парейко Сергей Парейко Сергей Парейко

Санат:31 қаңтарда туғандар Санат:Эстония футболшылары Санат:Эстония Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Вигри ФК ойыншылары Санат:Таллинна Садам ФК ойыншылары Санат:Казале ФК ойыншылары Санат:Левадия ФК ойыншылары Санат:Ротор ФК ойыншылары Санат:Томь ФК ойыншылары Санат:Висла Краков ФК ойыншылары