Ферғана () — Өзбекстанның шығысында, Ферғана аңғарының оңтүстік бөлігінде орналасқан қала. 2014 жылдың 1 қаңтарына сәйкес қала халқы саны 340,6 мың адамды құрайды, осылайша ол Ферғана жазығындағы үшінші ірі қала болып саналады. Ферғананың территориясы — 95,6 км².
Географиялық орны Ферғана Өзбекстанның шығысында, ел астанасы Ташкенттен шығысқа қарай шамамен 420 км, және Әндіжаннан оңтүстік-батысқа қарай 75 км қашықтықта орналасқан. Қала теңіз деңгейінен 580 метр биік орналасқан.
Климаты Ферғана климаты бүкіл жазықтыкі сияқты континенттік. Қысы жылы. Қаңтардағы орташа температура +0,2 °C-ты құрайды, абсолют минимум — −25,8 °C. Қар жамылғысы ұзақ емес. Жазы ыстық. Шілдедегі орташа температура — +27,4 °C, максимумы — +42,2 °C. Жылдық жауын-шашын мөлшері 192 мм. Жауын-шашынның көп бөлігі қыста және көктемде түседі.
Әкімшілік бөлінісі Қала бес ауданнан тұрады: Марказ (Орталық) Киргули Ойбек (Фрунзе) Яссавий (Калинин) Кадири (Ахунбабаев)
Ең жақын қалалар және оларға дейінгі қашықтық Ферғана — үлкен қала. Ол халық саны бойынша өз елінде (Өзбекстан) 9-шы орында және өз аймағында (Ферғана облысы) 2-ші орында. Оның әлемдік рейтингі шамамен 2480-ші орында.
Ең жақын қалалар және оларға дейінгі қашықтық: Марғылан (13 км), Ташлақ (13 км), Қуасай (15 км), Тыныштық (23 км), Қадамжай (27 км, Қырғызстан), Қуа (28 км), Қызылқия (31 км, Қырғызстан), Жазжауан (32 км), Сарытас (35 км, Қырғызстан), Боз (36 км), Палванташ (42 км), Риштан (43 км), Шаһрихан (44 км), Найман (46 км, Қырғызстан), Асака (47 км), Мархамат (47 км), Бағдат (50 км), Әндіжан (56 км).
Тарихы Ферғана шежіресін үш тарихи кезеңге бөлуге болады: революцияға дейінгі, кеңестік және қазіргі (тәуелсіздік дәуірі). Қаланың негізін салудың бастамашысы — орыс генералы, "Түркістанды бағындырушы" Михаил Дмитриевич Скобелев. Қала 1876 жылы құрылды; 1887 жылы 18 маусым оның жобасы бекітілді. Негізін қалаушы, алғашқы құрылысшысы — екінші әскери губернатор Александр Константинович Абрамов.
Жаңа қала атын таңдаумен Түркістан генерал-губернаторлығы канцеляриясы айналысты. Сол кездің өзінде «Ферғана» не «Ферғанск» деп атау жөнінде әрекеттер болған. Алайда екі жаққа да көнімді шешімге келіп, Жаңа Маргелан деп аталды.
1907 жылдың желтоқсанында М. Д. Скобелев өлімінің 25 жылдығына орай қала оның құрметіне Скобелев деген жаңа атауға ие болды. Ферғана облысының алғашқы губернаторы есімімен қала 1924 жылға дейін аталып келді, кейін Ферғана атауына ие болды.
Көрнекті орындары Ахмад әл-Ферғани ескерткіші Ферғана облыстық өлкетану мұражайы Ескі қамал Облыстық театр (бұрынғы Губернатор үйі) Офицерлер үйі (бұрынғы Әскери жиналыс) ФерМУ-нің әкімшілік корпусы (бұрынғы ерлер гимназиясы) Ферғана орталық түрмесі (бұрынғы офицерлер ат қорасы) "Жоме Масжид" Ферғана мешіті
Спорт Нефтчи" - 1962 жылы құрылған футбол клубы. Өзбекстан чемпионатының Жоғарғы лигасында ойнайды.
Бауырлас қалалар Йонъин, Оңтүстік Корея Новороссийск, Ресей Иваново, Ресей
Дереккөздер
Санат:1876 жылы құрылған елді мекендер Санат:Алфавит бойынша елді мекендер Санат:Ферғана облысы қалалары