Пьер Санитариб Исса (; 11 қыркүйек 1977, Джермистон) — оңтүстік африкалық футболшы, қорғаушы. ОАР Ұлттық құрамасының экс-ойыншысы. Карьерасы Карьерасында "Дюнкерк" (Франция), "Олимпик (Марсель)" (Франция), "Челси" (Англия), "Уотфорд" (Англия), "Олимпик Бейрут" (Ливан), "Ионикос" (Грекия), "ОФИ" (Грекия) клубтарында ойнап, 2009 жылы футбол ойнауды доғарды.

1998, 2002 жылдары әлем чемпионатына қатысқан. Бірақ әлем чемпионатындағы ең жолы ауыр футболшылардың бірі атанды. 1998 жылғы турнирдің бірінші турындағы Франциямен ойында өз қақпасына гол соғып алды (бұл ӘЧ тарихындағы 1600-ші гол еді). Осы ойынның соңғы минутында Тьерри Анридің соққысын бір аяғымен қайтарып еді, екінші аяғына тиіп қақпаға еніп кетті.

Үшінші турда Сауд Арабиясымен ойында Иссаның кесірінен ОАР қақпасына пенальти белгіленіп, құрама 2:1 есебімен ұтып тұрған жерінен жеңісті уыстан шығарып алды.

2002 жылғы әлем чемпионатының алғашқы ойынында-ақ жарақат алып алаңнан кетуге мәжбүр болды.

Жетістіктері

Командалық

Ливан чемпионы: 2003 Ливан кубогы: 2003

Қатысқан турнирлері

Африка Ұлттары кубогы: 2000, 2002, 2006 Әлем чемпионаты: 1998, 2002

Санат:11 қыркүйекте туғандар Санат:Оңтүстік Африка Республикасы футболшылары Санат:Олимпик Марсель ФК ойыншылары Санат:Челси ФК ойыншылары Санат:Уотфорд ФК ойыншылары Санат:ОФИ ФК ойыншылары Санат:Оңтүстік Африка Республикасы Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары