Футболдан 1994 жылғы әлем біріншілігінің іріктеу турниріне 147 елдің құрамасы қатысып, 22 жолдаманы сарапқа салды. Германия әлем чемпионы ретінде, АҚШ ұйымдастырушы ретінде тікелей жолдама алды. Жолдамалардың бөлінуі Еуропа: 13 орын, бір жолдама Германияға тиесілі болды да, қалған 12 орын үшін 38 елдің құрамасы сынға түсті (Израильді қосқанда). Оңтүстік Америка: Тоғыз елдің құрамасы 3,5 жолдаманы сарапқа салды, төқртінші құрама КОНКАКАФ пен ОФК арасындағы плей-офф жеңімпазымен сынға түсті. Солтүстік Америка: 22 мемлекеттің құрамасы 2,25 жолдама үшін таласты. Оның біреуі АҚШ-қа тиесілі болды. Үшінші команда ОФК жеңімпазымен КОНМЕБОЛ/КОНКАКАФ/ОФК/КОНМЕБОЛ плей-офына шығу үшін күресті. Африка: 40 мемлекеттің құрамасы 3 жолдаманы сарапқа салды. Азия: 30 мемлекет 2 жолдаманы сарапқа салды. Мұхиттық аралдар: Жеті құрама 0;25 жолдаманы сарапқа салды. Жеңімпаз КОНКАКАФ-тың үшінші командасымен КОНМЕБОЛ/КОНКАКАФ/ОФК плей-офына шығу үшін күресті. Еуропа
1 топтан — Италия мен Швейцария жолдама алды. 2 топтан — Норвегия мен Нидерланд жолдама алды. 3 топтан — Испания мен Ирландия жолдама алды. 4 топтан — Румыния мен Бельгия жолдама алды. 5 топтан — Грекия мен Ресей жолдама алды. 6 топтан — Швеция мен Болгария жолдама алды.
Оңтүстік Америка
1 топтан — Колумбия жолдама алды. Аргентина КОНМЕБОЛ/КОНКАКАФ/ОФК плей-офына шықты. 2 топтан — Бразилия мен Боливия жолдама алды.
Солтүстік Америка
Мексика жолдама алды. Канада КОНМЕБОЛ/КОНКАКАФ/ОФК плей-офына шықты.
Африка
1 топтан — Нигерия жолдама алды. 2 топтан — Марокко жолдама алды. 3 топтан — Камерун жолдама алды.
Азия
Сауд Арабиясы мен Корея жолдама алды.
Мұхиттық аралдар Футболдан 1994 жылғы әлем біріншілігі (іріктеу турнирі, ОФК) Аустралия КОНМЕБОЛ/КОНКАКАФ/ОФК плей-офына шықты.
Құрлықаралық плей-офф КОНКАКАФ/ОФК
Аустралия шешуші кезеңге шықты. КОНМЕБОЛ/КОНКАКАФ/ОФК
Аргентина әлем чемпионатына жолдама алды.
Санат:Футболдан 1994 жылғы әлем біріншілігі