Елді мекендер:

Сарыадыр – Ақмола облысы Целиноград ауданындағы ауыл. Сарыадыр – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданындағы ауыл.

Басқа мағыналар:

Сарыадыр – Ерейментау тауларының солтүстік-шығысындағы аласа тау. Сарыадыр – Қу тауларының солтүстік сілеміндегі тау. Сарыадыр – Сарыарқа шоқылы тауларының батысында, Торғай үстіртінің солтүстігінде жатқан үстіртті-адырлы тау тізбегі. Сарыадыр – Сілеті бөгенінің оңтүстік-батысындағы тау. Сарыадыр – Ертіс аңғарындағы, Үлкен Айғыржал қонысының оңтүстік-батысындағы тау.