Жаркен, Жарқын – Есіл алабындағы тұйық көл.

Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы, Жаркен ауылының батысында 3 км-дей жерде орналасқан.

Гидрографикасы Теңіз деңгейінен биіктігі 160 м. Аумағы 9,9 км², ұзындығы 3,1 км, енді жері 2,9 км. Жағалау бойының ұзындығы 16 км. Жағасы жайпақ. Қазан айының аяғында суы қатып, мамырдың басында ериді. Көктемде қар суымен деңгейі көтеріледі. Суы кермек татиды, бірақ мал суаруға жарамды. Алабы – жайылым.‎

Санат:Есіл су алабы көлдері Санат:Тимирязев ауданы көлдері