Клод Макелеле (; 18 ақпан 1973, Киншаса, Заир) — француз футболшысы, жартылай қорғаушы. Франция Ұлттық футбол құрамасында ойнаған. Қазір Бельгияның "Эйпен" клубының бас бапкеріКлод Макелеле возглавил бельгийский клуб .

Мансабы Клубтық Карьерасында "Нант", "Сельта", "Реал", "Челси", "ПСЖ" клубтарында ойнады.

2000-03 жылдары "Реалда" ойнап, клубтық деңгейдегі жүлденің бәріне қол жеткізді. Бірақ 2003 жылы жазда клуб басшыларымен жалақы мөлшеріне келісе алмай, жаңа клуб іздеді. Сол кезде Англияның "Челси" командасына Роман Абрамович басшы боп келді де, дереу Мекелелені сатып алды. Аталмыш клубта 2008 жылға дейін ойнады.

2009 жылы карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді. Бірақ кейін ол шешімін өзгертіп, ПСЖ клубында карьерасын жалғастырды.

Ұлттық құрама Ұлттық құрамаға алғаш рет 1996 жылы шақырылса да, құрамадағы мықты футболшылардың көптігінен ӘЧ-1998, ЕУРО-2000 турнирлерінде бұған орын тимеді. Алғаш қатысқан ірі турнирі — 2002 жылғы әлем чемпионаты.

ЕУРО-2008 турнирінде Франция топтан шыға алмады да, Макелеле құрамадағы карьерасын аяқтады. Ұлттық құрамада жалпы 71 ресми кездесуде алаңға шықты.

Жетістіктері Командалық

"Нант"

Франция чемпионы (1): 1995

«Реал Мадрид» Испания чемпионы (2): 2001, 2003 Испания суперкубогы (2): 2001, 2003 Чемпиондар лигасы (1): 2002 УЕФА суперкубогы (1): 2002 Құрлықаралық кубок (1): 2002

«Челси»

Англия чемпионы (2): 2005, 2006 Англия кубогы (1): 2007 Лига кубогы (2): 2005 Англия суперкубогы (1): 2005

«Пари Сен-Жермен» Франция кубогы (1): 2010

Жеке ФИФПРО сауалнамасы бойынша жылдың әлем құрамасына енді (1): 2005 "Челсидің" жыл ойыншысы (1): 2006 Қатысқан турнирлері Олимпиада ойындары: 1996 Әлем чемпионаты: 2002 Еуропа чемпионаты: 2004 Әлем чемпионаты: 2006 Еуропа чемпионаты: 2008 Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Франция футболшылары Санат:Нант ФК ойыншылары Санат:Олимпик Марсель ФК ойыншылары Санат:Сельта ФК ойыншылары Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары Санат:Челси ФК ойыншылары Санат:Пари Сен-Жермен ФК ойыншылары Санат:Франция Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Франция футбол жаттықтырушылары