Горькое – Есіл алабындағы көл.

Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы көл. Петропавл қаласынан солтүстік-батысқа қарай 9 км жерде орналасқан.

Гидрографикасы Аумағы 8,25 км2, теңіз деңгейінен 26 м биіктікте. Ұзындығы км, енді жері 2,5 км, жағалауының ұзындығы 11,6 км. Су мол жылдары тереңдігі 3-3,5 м-ге жетеді.

Жағалау сипаты Жағалауының түбі саздауытты, құмайтты. Ені 5-10 м, біртіндеп шабындыққа, далалық не сор шөп басқан телімдерге ұласады. Суы тұзды. Омыртқасыздардың, дафниялардың, гаммарустардың, т.б. молдығы байқалады.

Санат:Қызылжар ауданы көлдері Санат:Есіл су алабы көлдері