Ашраф Хакими (, 4 қараша 1998 жыл, Мадрид) — мароккалық футболшы, Марокко Ұлттық футбол құрамасы мен "Пари Сен-Жермен" клубының қорғаушысы.

Карьерасы 2016 жылдан бері Марокко құрамасында ойнайды. Алғаш рет 2016 жылы қазан айында Канада құрамасымен болған жолдастық кездесуде алаңға шықты. 2018 жылғы әлем чемпионатына қатысты.

"Реал Мадрид" клубының түлегі. 2017 жылдан бастап негізгі құрамда алаңға шыға бастады. Клуб тарихындағы алғаш рет ойнаған мароккалық ойыншы. 2018 жылы Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанды.

2018 жылы жазда "Боруссия Дортмунд" командасына жалға берілді. Германиялық клубта 5 номерде ойнады.

"Интердің" қорғаушысы Ашраф Хакими мансабын "Пари-Сен-Жерменде" жалғастырады. Трансфер туралы париждік клубтың ресми сайты хабарлады.ПСЖ Ашраф Хакимиді ресми түрде таныстырды Марокколық футболшы мен ПСЖ арасындағы келісім-шарт 2026 жылға дейін есептелген.Ашраф Хакими ПСЖ ойыншысы атанды

Жетістіктері

Клубтық Реал Мадрид

Испания суперкубогы: 2017 УЕФА суперкубогы: 2017 Клубтар арасындағы әлем чемпионы: 2017 Чемпиондар Лигасы: 2017/18

Интернационале Италия чемпионы: 2020/21

Боруссия Дортмунд

Германия суперкубогы: 2019

Пари Сен-Жермен

Франция чемпионы: 2021/22, 2022/23, 2023/24 Франция суперкубогы: 2022 Уефа чемпиондар лигасы 2024/25 Уефа супер кубогы

Дереккөздер

Сілтемелер Профиль

Санат:Марокко футболшылары Санат:Марокко Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары Санат:Боруссия Дортмунд ФК ойыншылары Санат:Интернационале ФК ойыншылары Санат:Пари Сен-Жермен ФК ойыншылары Санат:2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері