Іргелі — Алматы облысы Қарасай ауданындағы ауыл, Іргелі ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Қаскелең қаласынан шығысқа қарай 12 км-дей жерде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен43566284 16450 261,8 3170 7833 247,1 3114 8617 276,7

Тарихы 1996 жылға дейін “Прямой путь” деп аталған. 1959-1997 жылдары Қазақ машина сынау станциясының ғылыми-зерттеу институты тәжірибе шаруашылығының орталығы болды. Оның негізінде Іргеліде және округке қарасты Кемертоған және Көксай ауылдарында бірнеше өндірістік кооперативтері және 800-ден астам жеке шаруашылықтар жұмыс істейді. Іргелі арқылы Алматы – Шымкент автомобиль жолы өтеді.

Дереккөздер

Санат:Қарасай ауданы елді мекендері