Эдер Алейшо де Ассис (; 25 мамыр 1957 жыл, Веспасьяно, Минас-Жерайс) — бразилиялық футболшы, шабуылшы. Бразилия Ұлттық футбол құрамасында ойнаған.

Карьерасы Команданы өте көп ауыстырған футболшы. 24 жылдық карьерасында 15-тен аса клубта ойнады. Ең ұзақ ойнаған клубы "Атлетико Минейро". Бұл командада 5 жылдай доп тепті. Ойнаған клубтарының барлығы дерлік бразилиялық командалар, тек 1988, 1989 жылдары Парагвайдың "Серро Портеньо" және Түркияның "Фенербахче" командаларында бір маусымнан ойнады.

1982 жылы әлем чемпионатында топтық кезеңнің бірінші турында КСРО қақпасына жеңіс голын соқты. Кейін Шотландияның қақпасына да керемет гол соқты. Турнирден соң Эдер чемпионаттың символикалық құрамасының тізіміне енді.

1986 жылғы әлем біріншілігінің іріктеуіне қатысты, бірақ спорттық тәртібі нашарлап кеткендіктен чемпионатқа бара алмады. Содан кейін қайтадан құрамаға шақырылған жоқ.

Жетістіктері

Клубтық Гремио

Риу-Гранди-ду-Сул штатының чемпионы: 1977, 1979

Атлетико Минейро

Минас-Жерайс штатының чемпионы: 1980, 1981, 1982, 1983, 1985, 1989, 1995

Крузейро

Бразилия кубогы: 1993

Халықаралық Бразилиия құрамасы

1983 жылғы Америка кубогының күміс жүлдегері

Сілтемелер Профилі

Санат:Бразилия футболшылары Санат:Сантос ФК ойыншылары Санат:Крузейро ФК ойыншылары Санат:Ботафого ФК ойыншылары