Хосе Паоло Герреро Гонсалес (; 1 қаңтар 1984, Лима, Перу) — перулік футболшы, "Фламенго" футбол клубы мен Перу Ұлттық футбол құрамасының шабуылшысы.
Ұлттық құрамада Перудің 17 жасқа дейінгі құрамасында жеті ойын өткізіп, үш голдың авторы атанды. Ал негізгі құрамада алғаш рет 2004 жылы 9 қазанда ӘЧ-2006 іріктеуіндегі Боливияға қарсы кездесуде алаңға шықты. Бұл кездесуде Перу 0:1 есебімен ұтылып қалды. 2007 жылы Америка кубогына қатысып, құраманың 4 кездесуінде де алаңға шықты. Сондай-ақ Уругвайдың қақпасына бір доп енгізді.
2008 жылы 12 маусымда ӘЧ-2010 іріктеуіндегі Уругваймен кездесуде Герреро төрешімен тәжікелеседі де, 37-мимнутта алаңнан қуылды. Жаза мұнымен де біте қоймай, ФИФА-ның тәптіптік комитеті оны 6 кездесуге алаңға шығуына тыйым салды. Сол себепті де іріктеудегі келесі кездесуіне тек бір жылдан соң ғана қатыса алды. Ол да сәтті болмады, 2009 жылы 9 қыркүйекте Эквадормен ойында тізесінен қатты жарақат алып, емделуге көп уақытын жоғалтады.
Герреро кейін 2011, 2015, 2016 жылдары Америка кубогына қатысты. Осы екі бәсекеде 9 гол енгізді.
2018 жылы әлем біріншілігіне қатысты.
Жетістіктері Командалық Перу құрамасы
Америка кубогының қола жүлдегері: 2011, 2015
«Бавария II»
«Оңтүстік» аймақтық лигасының чемпионы: 2004
«Бавария» (Мюнхен)
Германия чемпионы (2): 2005, 2006 Германия кубогы (2): 2005, 2006 Неміс лигасының кубогы: 2004
«Гамбург»
Интертото кубогы: 2007
«Коринтианс»
Клубтар арасындағы әлем чемпионы (1): 2012 Сан-Паулу штатының чемпионы (1): 2013
«Фламенго»
Рио-де-Жанейро штатының чемпионы (1): 2017
Жеке Америка кубогының үздік мергені: 2011 (5 гол), 2015 (4 гол)
Сілтемелер Биографиясы (globoesporte.globo.com)
Санат:Альянс Лима ФК ойыншылары Санат:Бавария ФК ойыншылары Санат:Гамбург ФК ойыншылары Санат:Коринтианс ФК ойыншылары Санат:Фламенго ФК ойыншылары Санат:Перу футболшылары Санат:Перу Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары