Терехин Сергей Петрович (1947 жылы туған, Ақмола облысы Зеренді ауданы Айдабол ауылы) – медицина ғылымының докторы (1992), профессор (1994). Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын (1971, қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) бітірген.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5 Осы оқу орнында ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі, декан, оқу-тәрбие ісі жөніндегі проректоры (1971–2004). 2004 жылдан тәрбие ісі жөніндегі 1-проректор қызметін атқарады. 1991 жылы «Медико-биологическое обоснование применения витаминов для оздоравления и повышения работоспособности шахтеров и металлургов» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 180-нен астам ғылыми жарияланым мен 2 монографияның авторы.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер:
Санат:Қарағанды облысы Санат:Тұлғалар
Санат:1947 жылы туғандар