Карлос Кампос Сезар СампайоКей жерлерде Карлус Сезар Сампаю Кампус деп жазылады. (; 31 наурыз 1968 жыл, Сан-Паулу) — бразилиялық футболшы, жартылай қорғаушы.
1998 жылғы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері. Осы турнирдің беташар голының авторы (алғашқы турда 4-минутта-ақ Шотландия қақпасын нысанаға алған). 1/8 финалда Чилидің қапасына екі гол соқты. Бұл кездесуде Бразилия 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Карьерасының басым бөлігін Бразиялия және Жапония клубтарында өткізді. Одан бөлек бір маусым (200/01) Испанияның "Депортиво" командасында өнер көрсеткен.
Жетістіктері
Командалық
Сан-Паулу штатының чемпионы: 1993, 1994 Бразилия чемпионы: 1993, 1994 Рио-Сан-Паулу турнирінің жеңімпазы: 1993, 2000 Азия суперкубогы: 1995 Америка кубогы: 1997 Конфедерациялар кубогы: 1997 Император кубогы: 1998 Либертадорес кубогы: 1999 Испания суперкубогы: 2000
Жеке
Бразилиядағы алтын доп иегері: 1990, 1993
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі Санат:Сантос ФК ойыншылары Санат:Палмейрас ФК оыншылары Санат:Иокогама Флюгелс ойыншылары Санат:Депортиво Ла-Корунья ФК ойыншылары Санат:Коринтинас ФК ойыншылары Санат:Касива Рейвол ФК ойыншылары Санат:Санфречче Хиросима ФК ойыншылары Санат:Сан Паулу ФК ойыншылары Санат:Бразилия футболшылары